Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2025 жылдың бес айында 685 930 қызмет көрсетілген, оның ішінде 684 844 немесе 99,8%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 2577 қызмет, «Е-лицензирование» - 622 қызмет), 1061 немесе 0,2% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 25.
Сондай-ақ, 2025 жылдың мамыр айында 127 055 қызмет көрсетілген, оның ішінде 126 833 немесе 99,8% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 564 қызмет, «Е-лицензирование» - 99 қызмет), 221 немесе 0,2% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 1.
Есептік кезеңінде (2025 жылдың мамыр айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 18 094 немесе 14,3%;
- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау» - 86 128 немесе 67,9% құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 1974, оның ішінде электрондық түрде – 1971, қағаз түрде – 3.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Мамыр айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 3501 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Сонымен қатар, мамыр айында 09.12.2024 жылғы №П-522 Департаментімен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылдың 1 жартыжылдығына арналған бақылау іс-шараларының жоспарына, Департаментінің 20.05.2025 ж. №П-264 бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 13, 41 тармақтарына сәйкес мемлекеттік тізілімінде көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 35 жасырын мемлекеттік қызмет бойынша, «Құпия тұтынушы» әдесімен «Алакөл», «Теміржол» кеден бекеттерінде жоспарлы тексеру жүргізілді.