Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2025 жылдың бірінші тоқсанында 417 123 қызмет көрсетілген, оның ішінде 416 492 немесе 99,9%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 1202 қызмет, «Е-лицензирование» - 344 қызмет), 607 немесе 0,1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 24.
Сондай-ақ, 2025 жылдың наурыз айында 138 693 қызмет көрсетілген, оның ішінде 138 469 немесе 99,8% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 385 қызмет, «Е-лицензирование» - 114 қызмет), 220 немесе 0,2% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 4.
Есептік кезеңінде (2025 жылдың науырыз айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 38 187 немесе 27,6%;
- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау» - 68 824 немесе 49,7% құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 344, оның ішінде электрондық түрде – 342, қағаз түрде – 2.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Науырыз айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1243 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Сонымен қатар, науырыз айында 09.12.2024 жылғы №П-522 Департаментімен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылдың 1 жартыжылдығына арналған бақылау іс-шараларының жоспарына, Департаментінің 20.03.2025 ж. №К-94 бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 13, 41 тармақтарына сәйкес Көксу, Қаратал аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді