Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2025 жылдың екі айында 278 431 қызмет көрсетілген, оның ішінде 278 024 немесе 99,9%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 817 қызмет, «Е-лицензирование» - 230 қызмет), 387 немесе 0,1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 20.
Есептік кезеңінде (2025 жылдың ақпан айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 49 260 немесе 35,8%;
- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау» - 66 455 немесе 48,3% құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 637, оның ішінде электрондық түрде – 635, қағаз түрде – 2.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Ақпан айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 623 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Сонымен қатар, ақпан айында 09.12.2024 жылғы №П-522 Департаментімен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылдың 1 жартыжылдығына арналған бақылау іс-шараларының жоспарына, Департаментінің 17.02.2025 ж. №72 бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 13, 41 тармақтарына сәйкес мемлекеттік тізілімінде көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 35 жасырын мемлекеттік қызмет бойынша, «Құпия тұтынушы» әдесімен «Талдықорған» кеден бекетінде жоспарлы тексеру жүргізілді.