Меню

Страницы

Статья

Блоргерлерге кірістерді төмендету бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары

Мемлекеттік кіріс органдары салық міндеттемелерін толық орындау мақсатында блогерлерді қоса алғанда, жеке тұлғаларға салықтық әкімшілендіруді тұрақты негізде жүргізеді.

Бақылау шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаларға 53,3 млрд. теңгеге сәйкессіздіктер белгіленді, нәтижесінде ағымдағы жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді.

Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет.

Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды.

Сонымен қатар, табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударамыз.

Көрсетілген міндеттемелер Қазақстан Республикасының Конституциясында және Салық кодексінде белгіленген.

 

Дата публикации
03 апреля 2025
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы