Меню

Страницы

Статья

Бақылау-касса машинасын жаңарту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексінің 170-бабына сәйкес бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді, оған БКМ модельдерін қосу және алып тастау арқылы өзгерістер енгізеді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «БКМ қолдану мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, техникалық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты салық төлеушілер пайдаланбайтын 98 онлайн емес БКМ моделі мемлекеттік тізілімнен алынып тасталды.

Мемлекеттік тізілімнен шығарылған БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған:
https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/prilozhenie_ob_isklyuchenii_0.docx

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Комитет салық төлеушілерді мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді беру функциясы бар, техникалық талаптарға сәйкес келетін онлайн БКМ модельдеріне көшіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн/офлайн БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған:

     https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/gosreestr_kkm_ru_0-2.docx

Комитет Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді міндетті түрде қолдана отырып жүргізілетінін еске салады.

БКМ қолдану тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Дата публикации
03 апреля 2025
Дата обновления
03 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы