Меню

Страницы

Статья

Темекі өнімдерін таңбалау

2024 жылдың басынан 2025 жылдың 1 тоқсанына дейін Жетісу облысында заңсыз/контрафакттік таңбаланбаған темекі өнімдерін анықтау бойынша жұмыстың қорытындылары.

Қазақстанда темекі өнімдерін міндетті таңбалау жүйесі жұмыс істейді, ол нарықтың барлық қатысушыларын – өндірушілер мен импорттаушылардан бастап дистрибьюторлар мен бөлшек саудагерлерге дейін қамтиды. Бұл шараның мақсаты – заңсыз сауданың алдын алу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және салықтық әкімшілендіруді қамтамасыз ету.

Осылайша, 2024 жылы салық органы қызметкерлерінің рейдтік іс-шаралары барысында таңбаланбаған 591 мың қорап темекі өнімі анықталып, тәркіленді.

2025 жылдың бірінші тоқсанында таңбаланбаған 328 мың қорап темекі өнімі анықталды.

 

  1. Міндетті цифрлық таңбалауды енгізу

2020 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда Data Matrix кодын пайдалана отырып, темекіні міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл талап темекі өнімдері мен темекі алмастырғыштардың барлық түрлеріне, соның ішінде сигараларға, сигариллаларға, кальян темекілеріне және электронды темекі таяқшаларына қатысты болды. Осы санаттағы таңбаланбаған өнімнің қалдықтары 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін сатылуы мүмкін. Цифрлық таңбалауды енгізудің мақсаты өндірушіден немесе импорттаушыдан түпкілікті тұтынушыға дейін өнімнің қадағалануын қамтамасыз ету болып табылады, бұл темекі өнімдері нарығындағы көлеңкелі айналым үлесін төмендетуге ықпал етеді.

  1. Акциздік маркалардан сәйкестендіру құралдарына көшу

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қағаз акциздік маркалардың орнына штрих-код түріндегі сәйкестендіру құралдары пайдаланылады. Бұл кодтарды темекі өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылар қолдануға міндетті. Сәйкестендіру құралы-бұл темекі өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін және тұтынушыларға өнім туралы толық ақпарат беретін машинада оқылатын түрдегі таңбалардың бірегей тізбегі.

  1. Неліктен таңбалау қажет?

Қазақстанда темекі өнімдерін таңбалау бірнеше негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін енгізілді:

- Контрафактілік өнімдермен күрес. Таңбаланбаған темекі мемлекеттік бюджетке зиян келтіретін салықтар мен акциздерсіз заңсыз сатылымға шығады

- Тұтынушыларды қорғау. Контрафактілік өнімдер азаматтардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін сапа стандарттарына сәйкес келмейді

- Бизнес үшін тең жағдай жасау. Адал өндірушілер мен сатушылар нарықтың заңсыз қатысушыларына қарағанда бәсекелестік артықшылықтарға ие болуы керек

- Жеткізу тізбегін қадағалау. Сандық таңбалау темекі өнімдерінің өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді

  1. Таңбалау және қадағалау процесі

Темекі өнімдерін цифрлық таңбалау процесі келесі кезеңдерді қамтиды:​

- Кодты қолдану: өндірушілер мен импорттаушылар темекі өнімдерінің әр қаптамасына бірегей Data Matrix кодын қолданады.​

- Жүйеде тіркеу: таңбаланған өнім туралы ақпарат МПТ АЖ-ға енгізіледі, бұл барлық кезеңдерде тауардың қозғалысын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.​

- Іске асыру және бақылау: бөлшек сауда желісінде сатылған кезде өнім 2D сканер немесе naqty SAUDA, e-sapa мобильді қосымшасы арқылы айналымнан шығарылады, бұл тауарлардың заңдылығын бақылауға және контрафактілік өнімдерді сатудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ заң талаптарын бұзғаны үшін, атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 283- бабына сәйкес таңбалау үшін мынадай жазалар көзделгенін хабарлаймыз;

Өндірушінің немесе импорттаушы ережелерді бұзғаны үшін таңбалау

(қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы:

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК

- лицензиядан айыру, тауарларды тәркілеу

Белгіленбеген үлгідегі сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын және сәйкестендіруге келмейтін акцизделетін тауарлардың айналымы:

- жеке тұлғаларға – 50 АЕК

- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне -500 АЕК

- лицензиядан айыру, тауарларды тәркілеу

Бұл шаралар темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен  куресуге және нарықта адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Темекі өнімдерін цифрлық таңбалау халықтың денсаулығын қорғауға және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға ықпал ете отырып, Қазақстанда темекі өнімдерінің ашық және заңды нарығын дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Біз нарықтың барлық қатысушыларын заңнаманың талаптарын сақтауға және темекі өнімдерінің ашық және заңды айналымын қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырамыз.

 

Дата публикации
02 апреля 2025
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы