2025 жылдың қаңтар айында
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын
ішкі бақылау бойынша есебінің
Талдау анықтамасы
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2025 жылдың қаңтар айында 140 821 қызмет көрсетілген, оның ішінде 140 627 немесе 99,9%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 381 қызмет, «Е-лицензирование» - 109 қызмет), 187 немесе 0,1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 7.
Есептік кезеңінде (2025 жылдың қаңтар айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 38 999 немесе 27,6%;
- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау» - 80 484 немесе 57,2% құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 287, оның ішінде электрондық түрде – 286, қағаз түрде – 1.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Қаңтар айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 525 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.