Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың желтоқсан айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 64-тармағына сәйкес Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2024 жылдың ішкі бақылау есебіне келесі қызмет бойынша түзету енгізілді:

- «Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі» қызмет бойынша 8.3 бағанда  қаңтар, наурыз, сәуір, маусым, тамыз, қыркүйек, қараша айларында және 8.7 бағанда қаңтар, ақпан айларында сандары өзгерілді;

- «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» қызмет бойынша 8.2 бағанда қыркүйекте, 8.3 бағанда ақпан, мамыр, шілде қараша  айларында, 8.6 бағанда мамыр, қыркүйек  айларында сандары өзгерілді;

- «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру» қызмет бойынша 8.2 және 8.4 бағандарда сәуір айынан бастап қазан айына дейін сандары өзгерілді;

- «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есептен шығару» қызмет бойынша 8.4 бағанда наурыз, маусым айларында сандары өзгерілді;

- «Салық төлеушілерді тіркеу» қызмет бойынша 8.4 және 8.4 бағандарда қазан айында сандары өзгерілді.

Сонымен  қатар, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2024 жылдың он екі айында  1 699 687 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 627 535 немесе 95,8%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 6195 қызмет, «Е-лицензирование» - 909 қызмет), 72 065 немесе 4,2% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 87.

Қағаз нысанында көрсетілген 72 065 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 70 245 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 97,5%-ын құрайды.

Ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты 100% электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.

Сондай-ақ, 2024 жылдың желтоқсан айында 121 213 қызмет көрсетілген, оның ішінде 120 958 немесе 99,8%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 485 қызмет, «Е-лицензирование» - 32 қызмет), 254  немесе 0,2% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 1.

Есептік кезеңінде (2024 жылдың желтоқсан айында) ең сұраулы келесі қызметтер:

- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі - 11 558 немесе 9,5%;

- «Транзиттік декларацияны қабылдау» - 85 111 немесе 70,2% құрайды. 

Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 364.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.

Желтоқсан айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1296 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.

        

 

Дата публикации
27 января 2025
Дата обновления
27 января 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы