Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың қараша айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2024 жылдың он бір айында  1 578 448 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 506 552 немесе 95% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 5708 қызмет, «Е-лицензирование» - 877 қызмет), 71 807 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 89.

Сондай-ақ, 2024 жылдың қараша айында 134 941 қызмет көрсетілген, оның ішінде 131 296 немесе 97% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 499 қызмет, «Е-лицензирование» - 44 қызмет), 3 642 немесе 3% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 3.

Қағаз нысанында көрсетілген 3 642 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 3 426 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 94%-ын құрайды.

Есептік кезеңінде (2024 жылдың қараша айында) ең сұраулы келесі қызметтер:

  • «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 19 485 немесе 14,4% құрайды;

- «Транзиттік декларацияны қабылдау» қызметі  88 659 немесе 65,7% құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 324, оның ішінде электронды түрде – 322, қағаз түрде – 2.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.

Сонымен, 2024 жылдың қараша айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1393 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Сонымен қатар, қараша айында 22.08.2024 ж. ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарына, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 16.09.2024 ж. №359 бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 13, 41 тармақтарына сәйкес мемлекеттік тізілімінде көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсету  бойынша 35 жасырын мемлекеттік қызмет бойынша, «Құпия тұтынушы» әдесімен «Нұр жолы» мен «Қорғас ШЫХО» кеден бекеттерінде жоспардын тыс тексеру жүргізілді.

Сонымен қатар, қараша айында Департаментімен Ескелді ауданы мен Талдықорған, Текелі қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді (негізі: Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 25.11.2024 жылғы № К-415 бұйрық).

 

 

Дата публикации
06 декабря 2024
Дата обновления
06 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы