Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2024 жылдың сегіз айында 1 152 605 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 098 961 немесе 95% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 3815 қызмет, «Е-лицензирование» - 677 қызмет), 53 564 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 80.
Сондай-ақ, 2024 жылдың тамыз айында 161 451 қызмет көрсетілген, оның ішінде 153 472 немесе 95% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 307 қызмет, «Е-лицензирование» - 40 қызмет), 7 976 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 3.
Қағаз нысанында көрсетілген 7 976 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 7 847 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 98,4%-ын құрайды.
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты (99% кем емес) электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.
Есептік кезеңінде (2024 жылдың тамыз айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру» қызметі 91 941 немесе 57% құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 256, оның ішінде электрондық түрде – 255, қағаз түрде – 1 құрады.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Сонымен, 2024 жылдың тамыз айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 2027 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Сонымен қатар, тамыз айында Департаментімен Ақсу, Алаколь, Сарқан аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді (негізі: Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 06.08.2024 жылғы № К-268 бұйрық).
Тақырыптық тексеру қорытындысы бойынша Алакөл ауданы бойынша МКБ-да 2023 жылдың 2-3 тоқсанында салық есептілігі нысандарын қабылдау кезінде бизнес-процессті бұзудың 5 фактісі анықталды, атап айтқанда СЕН қабылдаған маманың Т.А.Ж. және қолының болмауы.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.