Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2024 жылдың он айында 1 443 507 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 375 256 немесе 95% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 5209 қызмет, «Е-лицензирование» - 833 қызмет), 68 165 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 86.
Сондай-ақ, 2024 жылдың қазан айында 135 712 қызмет көрсетілген, оның ішінде 128 339 немесе 95% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 469 қызмет, «Е-лицензирование» - 57 қызмет), 7 371 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 2.
Қағаз нысанында көрсетілген 7 371 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 7 174 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 97,3%-ын құрайды.
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты (99% кем емес) электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.
Есептік кезеңінде (2024 жылдың қазан айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- «Транзиттік декларацияны қабылдау» қызметі 94 138 немесе 69,4% құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 286, оның ішінде электронды түрде – 285, қағаз түрде – 1.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Сонымен, 2024 жылдың қазан айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1426 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.