Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың қыркүйек айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2024 жылдың тоғыз айында  1 307 795 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 246 917 немесе 95% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 4740 қызмет, «Е-лицензирование» - 776 қызмет), 60 794 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 84.

Сондай-ақ, 2024 жылдың қыркүйек айында 155 175 қызмет көрсетілген, оның ішінде 147 942 немесе 95% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 603 қызмет, «Е-лицензирование» - 59 қызмет), 7 229 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 4.

Қағаз нысанында көрсетілген 7 229 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 7 034 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 97,3%-ын құрайды.

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты (99% кем емес) электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.

Есептік кезеңінде (2024 жылдың қыркүйек айында) ең сұраулы келесі қызметтер:

  • «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 38 967 немесе 25,1% құрайды;

- «Транзиттік декларацияны қабылдау» қызметі  91 480 немесе 59,1% құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 132.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.

Сонымен, 2024 жылдың қыркүйек айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 2 238 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Сонымен қатар, қыркүйек айында 22.08.2024 ж. ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарына, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 16.09.2024 ж. №359 бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 13, 41 тармақтарына сәйкес мемлекеттік тізілімінде көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсету  бойынша 35 жасырын мемлекеттік қызмет бойынша, «Құпия тұтынушы» әдесімен «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде жоспардын тыс тексеру жүргізілді.

 

Дата публикации
18 ноября 2024
Дата обновления
18 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы