Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың шілде айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2024 жылдың жеті айында  991 154 қызмет көрсетілген, оның ішінде 945 489 немесе 95,4% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 3815 қызмет, «Е-лицензирование» - 677 қызмет), 45 588 немесе 4,6% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 77.

Сондай-ақ, 2024 жылдың шілде айында 142 724 қызмет көрсетілген, оның ішінде 135 431 немесе 95% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 392 қызмет, «Е-лицензирование» - 99 қызмет), 7 282 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 11.

Қағаз нысанында көрсетілген 7 282  қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 7 152 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 98,2%-ын құрайды.

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты (99% кем емес) электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.

Есептік кезеңінде (2024 жылдың шілде айында) ең сұраулы келесі қызметтер:

  • «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 35 967 немесе 25,2% құрайды;

- «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру» қызметі  81 651 немесе 57,2% құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны электрондық түрде – 199 құрады.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.

Сонымен, 2024 жылдың шілде айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1374 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.

        

Дата публикации
18 ноября 2024
Дата обновления
18 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы