Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2024 жылдың алты айында 848 407 қызмет көрсетілген, оның ішінде 810 035 немесе 95,5% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 3424 қызмет, «Е-лицензирование» - 578 қызмет), 38 306 немесе 4,5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 66.
Сондай-ақ, 2024 жылдың маусым айында 121 159 қызмет көрсетілген, оның ішінде 114 023 немесе 94,1% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 229 қызмет, «Е-лицензирование» - 114 қызмет), 7 132 немесе 5,9% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 4.
Қағаз нысанында көрсетілген 7 132 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 7 034 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 98,6%-ын құрайды.
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты (99% кем емес) электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.
Есептік кезеңінде (2024 жылдың маусым айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру» қызметі 82 233 немесе 67,9% құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны электрондық түрде – 185 құрады.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Сонымен, 2024 жылдың маусым айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1622 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.