Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалар шекарадан тауарларды өткізгенде бұл тауарлар қай жағдайда жеке пайдалануға арналған болып есептеледі, осы тұста қандай шектеулер қолданылатынын хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 39-тарауында айқындалған.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлеріне (ҚР ҚМ 31.03.2015 ж. № 250 бұйрығы) сәйкес келесі тауарлар жатады, егер:

1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2 (екі) бірлік;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.

Сонымен қатар, Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 Шешіміне сәйкес құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар шегінде әкелінеді.

2024 жылғы 1 сәуірден бастап бажсыз әкелу шегі өзінің бұрынғы деңгейіне дейін төмендеді.

Яғни, әуе тасымалынан басқа, жаяу және ілеспе немесе ілеспе емес багажбен әкелінетін тауарлар үшін норма 500 еуро және 25 кг құрайды.

Ал тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жеткізілген тауарлар үшін норма 200 еуро және 31 кг.

Егер тауардың құны мен салмағы көрсетілген нормалардан асып кетсе, тауар құнының 30 пайзы төленеді, бірақ ілеспе немесе ілеспе емес багажда әкелінетін тауардың асып кету бөлігінде 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем емес.

Егер тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдерінде жеткізілген тауарлар нормадан асып кетсе, құн нормасынан асып кету бөлігінде тауар құнының 15 пайызы төленеді, бірақ салмақ нормасынан асып кету бөлігінде 1 кг салмақ үшін кемінде 2 еуро төленеді.

Дата публикации
22 октября 2024
Дата обновления
22 октября 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы