Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың наурыз айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2024 жылдың бірінші тоқсанында  407 182 қызмет көрсетілген, оның ішінде 390 781 немесе 96% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 544 қызмет, «Е-лицензирование» - 298 қызмет), 16 357 немесе 4% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 44.

Сондай-ақ, 2024 жылдың наурыз айында 125 727 қызмет көрсетілген, оның ішінде 120 072 немесе 96% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 194 қызмет, «Е-лицензирование» - 84 қызмет), 5 649 немесе 4% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 6.

Қағаз нысанында көрсетілген 5 649 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 5 562 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 98,5%-ын құрайды.

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты (99% кем емес) электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.

Есептік кезеңінде (2024 жылдың наурыз айында) ең сұраулы келесі қызметтер:

  • «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 38 913 немесе 42% құрайды;

- «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру» қызметі  68 321 немесе 54% құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 230 құрады, оның ішінде электрондық түрде – 229, қағаз түрінде – 1. 

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.

Сонымен, 2024 жылдың наурыз айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 852 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Сонымен қатар, наурыз айында Департаментімен Көксу, Қаратал аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді (негізі: Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 13.03.2024 жылғы № К-54 бұйрық).

Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.

Дата публикации
07 июня 2024
Дата обновления
07 июня 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы