ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ
Салық төлеушілер
1) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар – осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер:
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;
3) жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлері бойынша;
4) бала кезінен мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі:
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
5) "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер түсініледі;
6) салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары осы Кодекстің 532-бабына сәйкес есептейтін тұрғынжайлар мен басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер;
7) көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша жеке тұлғалар – пәтердің (бөлменің) меншік иелері.
Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақ орындары және өзге де құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар;
2) жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері жеке тұлғаларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:
Қ – салық салу мақсаттарына арналған мүлік құны;
Қ б – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;
S – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;
К физ – физикалық тозу коэффициенті;
К функц – функционалдық тозу коэффициенті;
К айм – аймаққа бөлу коэффициенті;
К аек. өзг – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
Салықтық мөлшерлемелер
|
1 |
2 |
3 |
|
1. |
2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы |
|
2. |
2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 пайыз |
|
3. |
4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 пайыз |
|
4. |
6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайыз |
|
5. |
8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайыз |
|
6. |
10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 пайыз |
|
7. |
12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайыз |
|
8. |
14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 пайыз |
|
9. |
16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайыз |
|
10. |
18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 пайыз |
|
11. |
20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайыз |
|
12. |
75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6 пайыз |
|
13. |
100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,65 пайыз |
|
14. |
150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7 пайыз |
|
15. |
350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,75 пайыз |
|
16. |
450 000 000 теңгеден жоғары |
2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын сомадан 2 пайыз |
Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
Салықтық кезең