Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың қаңтар айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2024 жылдың қаңтар айында  137880 қызмет көрсетілген, оның ішінде 131 456 немесе 95%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 196 қызмет, «Е-лицензирование» - 114 қызмет), 6 397 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 27.

Қағаз нысанында көрсетілген 6 397 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 6 307 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 99%-ын құрайды. Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан бұл қызмет 5%-ды құрайды.

Сонымен қатар, қаңтар айында "Нұр Жолы" кеден бекеті ғана жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша 6 209 қызмет көрсетті.

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты (99% кем емес) электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.

Есептік кезеңінде (2024 жылдың қаңтар айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:

- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 50 331 немесе 37%;

- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау» - 60 568 немесе 44% құрайды. 

Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 230.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.

Қаңтар айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1 043 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.

        

 

 

Дата публикации
20 марта 2024
Дата обновления
20 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы