Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 64-тармағына сәйкес Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 64-тармағына сәйкес 2022 жылдың қыркүйек, қазан айларына ішкі бақылау есебіне келесі қызмет бойынша түзету енгізілді:
- "Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу" қызмет бойынша 12.6 бағанда маусым және шілде айларындағы саны өзгерді, тұтастай алғанда жыл бойынша саны өзгермеді; «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік қызмет бойынша маусым айында саны өзгерілді;
- «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу», «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» қызметтер бойынша 12.3 және 12.5 бағандарында қаңтардан бастап желтоқсанға дейін сандары өзгерілді;
- «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру» қызмет бойынша 12.5 бағанда қаңтардан бастап желтоқсанға дейін сандары өзгерілді;
- «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» қызмет бойынша 12.3 бағанда қыркүйек айында көрсетілген қызметтердің көлімі көрсетілді.
Сонымен қатар, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2023 жылдың он екі айында 1 485 415 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 404 045 немесе 95%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 11 026 қызмет, «Е-лицензирование» - 1895 қызмет), 81 346 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 24.
Сондай-ақ, 2023 жылдың желтоқсан айында 109 774 қызмет көрсетілген, оның ішінде 100 733 немесе 92%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 130 қызмет, «Е-лицензирование» - 101 қызмет), 9 036 немесе 8% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 5.
Қағаз нысанында көрсетілген 9 036 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 9 001 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 99,6%-ын құрайды.
Желтоқсан айында көрсетілген қызметтердің жалпы санынан бұл қызмет 8,2%-ды құрайды, бұл электрондық нысандағы қызмет көрсетудің нысаналы индикаторына қол жеткізілмеуіне әкеледі.
Сонымен қатар, желтоқсан айында "Нұр Жолы" кеден бекеті ғана жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша 8 891 қызмет көрсетті.
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты 100% электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.
Есептік кезеңінде (2023 жылдың желтоқсан айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- электронды түрде «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 11 673 немесе 15,4%;
- қағаз жүзінде «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» - 9 001 немесе 8,2% құрайды.
Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 168.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Желтоқсан айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1174 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.