Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2023 жылдың он бір айында 1 375 631 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 303 243 немесе 95%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 10898 қызмет, «Е-лицензирование» - 1737 қызмет), 72 368 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 20.
Сондай-ақ, 2023 жылдың қараша айында 115 062 қызмет көрсетілген, оның ішінде 105 782 немесе 92%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 158 қызмет, «Е-лицензирование» - 61 қызмет), 9 276 немесе 8% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 4.
Қағаз нысанында көрсетілген 9 276 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 9 126 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 98,4%-ын құрайды.
Қараша айында көрсетілген қызметтердің жалпы санынан бұл қызмет 8%-ды құрайды, бұл электрондық нысандағы қызмет көрсетудің нысаналы индикаторына қол жеткізілмеуіне әкеледі.
Сонымен қатар, қараша айында "Нұр Жолы" кеден бекеті ғана жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша 8 978 қызмет көрсетті.
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты 100% электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.
Есептік кезеңінде (2023 жылдың қараша айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- электронды түрде «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 17 721 немесе 15,4%;
- қағаз жүзінде «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» - 9 126 немесе 8% құрайды.
Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 185, қағаз түрде - 1.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Қараша айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 870 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Сонымен қатар, қараша айында Департаментімен Талдықорған, Текелі қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді (негізі: Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 24.11.2023 жылғы №К-357 бұйрық).
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.