Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың қазан айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2023 жылдың он айында  1 260 569 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 197 461 немесе 95%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 10740 қызмет, «Е-лицензирование» - 1676 қызмет), 63 092 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 16.

Сондай-ақ, 2023 жылдың қазан айында 101 800 қызмет көрсетілген, оның ішінде 94 545 немесе 93%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 95 қызмет, «Е-лицензирование» - 139 қызмет), 7255  немесе 7% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 0.

Қағаз нысанында көрсетілген 7255 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 7 201 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 99,3%-ын құрайды.

Қазан айында көрсетілген қызметтердің жалпы санынан бұл қызмет 7%-ды құрайды, бұл электрондық нысандағы қызмет көрсетудің нысаналы индикаторына қол жеткізілмеуіне әкеледі.

Сонымен қатар, қазан айында "Нұр Жолы" кеден бекеті ғана жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша 6 963 қызмет көрсетті.

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты 100% электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.

Есептік кезеңінде (2023 жылдың қазан айында) ең сұраулы келесі қызметтер:

- электронды түрде «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 12 117 немесе 12%;

- қағаз жүзінде «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» - 7 201 немесе 7% құрайды. 

Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 119.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.

Қазан айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 570 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.

        

 

Дата публикации
20 марта 2024
Дата обновления
20 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы