Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2023 жылдың сегіз айында 1 037 359 қызмет көрсетілген, оның ішінде 990 724 немесе 96%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 10 498 қызмет, «Е-лицензирование» - 1346 қызмет), 46 617 немесе 4% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 18.
Сондай-ақ, 2023 жылдың тамыз айында 147 048 қызмет көрсетілген, оның ішінде 139 075 немесе 95%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 184 қызмет, «Е-лицензирование» - 199 қызмет), 7972 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 1.
Қағаз нысанында көрсетілген 7 972 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 7 895 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 99%-ын құрайды.
Тамыз айында көрсетілген қызметтердің жалпы санынан бұл қызмет 5,4%-ды құрайды, бұл электрондық нысандағы қызмет көрсетудің нысаналы индикаторына қол жеткізілмеуіне әкеледі.
Сонымен қатар, шілде айында "Нұр Жолы" кеден бекеті ғана жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша 7 598 қызмет көрсетті.
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты 100% электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.
Есептік кезеңінде (2023 жылдың тамыз айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- электронды түрде «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 43 640 немесе 29,7%;
- қағаз жүзінде «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» - 7 895 немесе 5,4% құрайды.
Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 221.
Шілде айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1081 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.