Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың шілде айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2023 жылдың жеті айында  890 311 қызмет көрсетілген, оның ішінде 851 649 немесе 96%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 10 314 қызмет, «Е-лицензирование» - 1147 қызмет), 38 645 немесе 4% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 17.

Сондай-ақ, 2023 жылдың шілде айында 124 149 қызмет көрсетілген, оның ішінде 117 673 немесе 95%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 238 қызмет, «Е-лицензирование» - 208 қызмет), 6 472 немесе 5% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 4.

Қағаз нысанында көрсетілген 6 472 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 6 430 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 99,3%-ын құрайды.

Шілде айында көрсетілген қызметтердің жалпы санынан бұл қызмет 5,2%-ды құрайды, бұл электрондық нысандағы қызмет көрсетудің нысаналы индикаторына қол жеткізілмеуіне әкеледі.

Сонымен қатар, шілде айында "Нұр Жолы" кеден бекеті ғана жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша 6 116 қызмет көрсетті.

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты 100% электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.

Есептік кезеңінде (2023 жылдың шілде айында) ең сұраулы келесі қызметтер:

- электронды түрде «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 28 370 немесе 22,3%;

- қағаз жүзінде «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» - 6 430 немесе 5,2% құрайды. 

Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 215.

Ағымдағы жылдың шілде айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу кезінде «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметі бойынша қызмет көрсету мерзімін бұзудың 1 фактісі анықталды.

Құқық бұзушылыққа жол берген қызметкер қазіргі уақытта еңбекке жарамсыздық демалысында, осыған байланысты тәртіптік жаза қолдану мәселесі жұмысқа оралған кезде қаралатын болады.

Шілде айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 725 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.

Дата публикации
20 марта 2024
Дата обновления
20 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы