Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2023 жылдың бірінші жарты жылында 766 161 қызмет көрсетілген, оның ішінде 733 976 немесе 95,8%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 10 076 қызмет, «Е-лицензирование» - 939 қызмет), 32 173 немесе 4,2% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 12.
Сондай-ақ, 2023 жылдың маусым айында 98 062 қызмет көрсетілген, оның ішінде 91 396 немесе 93,2%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 131 қызмет, «Е-лицензирование» - 213 қызмет), 6 661 немесе 6,8% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 5.
Қағаз нысанында көрсетілген 6 661 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 6 625 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 99,5%-ын құрайды.
Маусым айында көрсетілген қызметтердің жалпы санынан бұл қызмет 6,8%-ды құрайды, бұл электрондық нысандағы қызмет көрсетудің нысаналы индикаторына қол жеткізілмеуіне әкеледі.
Сонымен қатар, маусым айында "Нұр Жолы" кеден бекеті ғана жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша 6 057 қызмет көрсетті.
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты 100% электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.
Есептік кезеңінде (2023 жылдың маусым айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- электронды түрде «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 9 358 немесе 9,5%;
- қағаз жүзінде «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» - 6 625 немесе 6,8% құрайды.
Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 115, қағаз түрде - 1.
«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсетуде ағымдағы жылдың 2 тоқсынында қызмет көрсету мерзімінің 452 бұзушылықтары анықталды.
Қызмет көрсетуді кешіктірудің негізгі себептері келесі фактілер болып табылады:
1) техникалық ақаулардың болуы;
2) мемлекеттік қызмет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеделдетілген тәртіпте әзірленді және Қазақстан Республикасындағы инновация болып табылады;
3) осы бағыттағы МҚБ қызметкерлерінің кәсіби дағдыларының болмауы, оның негізінде белгілі бір уақыт қажет (банк ісі, инкассалық, микроқаржы қызметі туралы заңнаманы білу).
Маусым айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 836 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Сонымен қатар, маусым айында Департаментімен Ақсу, Алакөл, Сарқан, Кербұлақ аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді (негізі: Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 09.06.2023 жылғы №К-167 бұйрық).
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.