Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың мамыр айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2023 жылдың бес айында 668 102 қызмет көрсетілген, оның ішінде 642 583 немесе 96,2%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 9945 қызмет, «Е-лицензирование» - 726 қызмет), 25 512 немесе 3,8% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 7.

Сондай-ақ, 2023 жылдың мамыр айында 108 474 қызмет көрсетілген, оның ішінде 101 808 немесе 93,9%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 1363 қызмет, «Е-лицензирование» - 197 қызмет), 6 665 немесе 6,1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 1.

Қағаз нысанында көрсетілген 6 665 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 6 613 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 99,2%-ын құрайды.

Мамыр айында көрсетілген қызметтердің жалпы санынан бұл қызмет 6,1%-ды құрайды, бұл электрондық нысандағы қызмет көрсетудің нысаналы индикаторына қол жеткізілмеуіне әкеледі.

Сонымен қатар, наурыз айында "Нұр Жолы" кеден бекеті ғана жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша 5 865 қызмет көрсетті.

Премьер-Министр А. Смайыловтың тапсырмасы шеңберінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" ҚР ҰКП және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп "Нұр Жолы" өткізу пунктінде экспорттық-импорттық операцияларды ұлғайту жөнінде шаралар қабылдады, нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға жүктерді өткізу 40% - ға өсті.

Қазақстанның тасымалдаушылары мен жүргізушілеріне визалық қолдау көрсетілетін "Нұр жолы" өткізу пунктінің жұмыс уақыты ұзартылды.

Департаментінің құрылымына 6 кеден бекеті кіреді, оның ішінде 4 пост жоғарыда көрсетілген қызметті көрсетеді, бұл ретте көрсетілетін қызметтердің ай сайын артуы байқалады.

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына және қызмет көрсетудің ай сайынғы өсуіне байланысты 100% электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.

Есептік кезеңінде (2023 жылдың мамыр айында) ең сұраулы келесі қызмет:

- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 16 085 немесе 14,8% құрайды;

Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 99, қағаз түрде - 1.

Сонымен, 2023 жылдың мамыр айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 672 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.

Дата публикации
20 марта 2024
Дата обновления
20 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы