Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2023 жылдың төрт айында 559 599 қызмет көрсетілген, оның ішінде 540 746 немесе 96,6%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 8548 қызмет, «Е-лицензирование» - 529 қызмет), 18 847 немесе 3,4% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 6.
Сондай-ақ, 2023 жылдың сәуір айында 107 470 қызмет көрсетілген, оның ішінде 100 380 немесе 93,4%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 566 қызмет, «Е-лицензирование» - 147 қызмет), 7 089 немесе 6,6% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 1.
Қағаз нысанында көрсетілген 7 089 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 7 011 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 98,9%-ын құрайды.
Сәуір айында көрсетілген қызметтердің жалпы санынан бұл қызмет 6,5%-ды құрайды, бұл электрондық нысандағы қызмет көрсетудің нысаналы индикаторына қол жеткізілмеуіне әкеледі.
Сонымен қатар, наурыз айында "Нұр Жолы" кеден бекеті ғана жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша 6 003 қызмет көрсетті.
Премьер-Министр А. Смайыловтың тапсырмасы шеңберінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" ҚР ҰКП және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп "Нұр Жолы" өткізу пунктінде экспорттық-импорттық операцияларды ұлғайту жөнінде шаралар қабылдады, нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға жүктерді өткізу 40% - ға өсті.
Қазақстанның тасымалдаушылары мен жүргізушілеріне визалық қолдау көрсетілетін "Нұр жолы" өткізу пунктінің жұмыс уақыты ұзартылды.
Департаментінің құрылымына 6 кеден бекеті кіреді, оның ішінде 4 пост жоғарыда көрсетілген қызметті көрсетеді, бұл ретте көрсетілетін қызметтердің ай сайын артуы байқалады.
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде аталған қызмет автоматтандырудың жоқтығына байланысты, құжаттарды қабылдау және лауазымдарда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кеңсе арқылы жүзеге асырылады. Қызметтерді қағаз түрінде көрсетуге байланысты 100% электронды қызмет көрсету көрсеткішіне қол жеткізілмейді.
Есептік кезеңінде (2023 жылдың сәуір айында) ең сұраулы келесі қызмет:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 18 866 немесе 17,6% құрайды;
Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 138.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Сонымен, 2023 жылдың сәуір айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 907 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.