Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың наурыз айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2023 жылдың үш айында 451 437 қызмет көрсетілген, оның ішінде 439 674 немесе 97,4%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 7935 қызмет, «Е-лицензирование» - 373 қызмет), 11 758 немесе 2,6% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 5.

Сондай-ақ, 2023 жылдың наурыз айында 134 848 қызмет көрсетілген, оның ішінде 129 105 немесе 95,7%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 2963 қызмет, «Е-лицензирование» - 126 қызмет), 5 740 немесе 4,3% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 3.

Қағаз нысанында көрсетілген 5 740 қызметтің ең көп саны "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" 5 677 қызметті немесе қағаз жеткізгіштегі қызметтердің жалпы санының 98,9%-ын құрайды.

Наурыз айында көрсетілген қызметтердің жалпы санынан бұл қызмет 4,2%-ды құрайды, бұл электрондық нысандағы қызмет көрсетудің нысаналы индикаторына қол жеткізілмеуіне әкеледі.

Сонымен қатар, наурыз айында "Нұр Жолы" кеден бекеті ғана жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша 4 464 қызмет көрсетті.

Премьер-Министр А. Смайыловтың тапсырмасы шеңберінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" ҚР ҰКП және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп "Нұр Жолы" өткізу пунктінде экспорттық-импорттық операцияларды ұлғайту жөнінде шаралар қабылдады, нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға жүктерді өткізу 40% - ға өсті.

14-17 наурыз аралығында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға жүктерді өткізу 3 есеге өсіп, тәулігіне 510-нан астам машинаны құрады. Қазақстаннан Қытайға шығу 2 есеге артып, тәулігіне орта есеппен 200 көлік құралына жетті.

Қазақстанның тасымалдаушылары мен жүргізушілеріне визалық қолдау көрсетілетін "Нұр жолы" өткізу пунктінің жұмыс уақыты ұзартылды.

Департаментінің құрылымына 6 кеден бекеті кіреді, оның ішінде 4 пост жоғарыда көрсетілген қызметті көрсетеді, бұл ретте көрсетілетін қызметтердің ай сайын артуы байқалады.

Бұл қызмет "экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесінде автоматтандырылмаған, осыған байланысты құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген қызмет толық автоматтандырылғанға дейін электрондық қызметтердің нысаналы көрсеткіші 100% - ға жеткізілмейді.

Есептік кезеңінде (2023 жылдың наурыз айында) ең сұраулы келесі қызметтер:

- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 32 377 немесе 24,1% құрайды;

- «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру» қызметі  12 572 немесе 9,3% құрайды.

Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 204.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.

Сонымен, 2023 жылдың наурыз айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 959 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.

Дата публикации
20 марта 2024
Дата обновления
20 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы