Меню

Страницы

Статья

ТІЖ ресімдеу ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен жұмыс аясында «Тауарларға ілеспе жұк құжаттарын қалыптастыру ережесіне»(2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрық) 2023 жылдың 15 наурызда № 278 бұйрығымен өзгерістер енгізілгенін,  өзгерісте ілеспе жұк құжаттарын қалыптастыру және «Виртуалды қойма» модулін пайдалануын жеңілдетуі қаралғанын хабарлайды.            

Аталған бұйрық 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап ТІЖ қалыптастыру бойынша міндеттемелерді көздейді:

·      виртуалды қойманы пайдалана мұнай өнімдеріне,  алкогольдік ішімдіктер және  қадағалау механизмі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлар (11 кодтары – тоңазытқыштар, мұздатқыштар);·     

ЕАЭО шегінде тауарларды импорттау/экспорттау (барлық тауарлар үшін) кезінде Виртуалды қойманы пайдаланбай.           

Осылайша, Қазақстан ішінде тауарларды сату кезінде ТІЖ тауарлардың 3 санатына ғана қалыптастыру керек. Басқа тауарлар үшін ТІЖ және Виртуалды қойманы пайдалану ерікті негізде жүзеге асырылады.            Енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасы ішінде тауарларды өткізу кезінде ТІЖ міндеттемелерін жабуды 16 есеге (80 000 NP-ден 5 000 NP-ге дейін) қысқартуға мүмкіндік береді.           

Сонымен қатар, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды электрондық нысанда беру қағидаларына (№ 370 бұйрық) және ЭШФ АЖ Виртуалды қойма модулі арқылы электрондық шот-фактуралар ресімделетін тауарлар тізбесіне (№ 384 бұйрық) ілеспе түзетулер енгізілді.

Дата публикации
28 марта 2023
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы