Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы «Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң)

10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан

әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдарымен (бұдан

әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

2- тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
  • «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
  • «электрондық үкімет» веб-порталыegov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетіледі.

Электронды түрде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 218 бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағиданың 1-қосымшасының 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға келу тәртібімен тапсырған кезде – Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжататрды көрсетілетін қызметті беуршіге курьер қызметі арқылы жолдайды.

Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсыныслған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Көрсетілетін қызметті алушы Салық кодексінің 218 бабына сәйкес көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты тұлға біріктендірілген салықтық ақпараттар жүйесі ақпараттық жүйесіне енгізеді және салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өңдейді және нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Заңның 5 бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы

№ 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлде Салық кодексінің 217 бабында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабын жіберіледі.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыларға беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушімен, Мемлекеттік корпорациямен уақытында қажет етілмеген құжаттарды сақтау шарттары:

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін сақтайды;

Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.

Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажет ақпараттарды сақтайтын ақпараттық жүйелер істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті берушілер істен шыққан уақыттан бастап 30 (отыз) минут ішінде электронды пошта арқылы inissd@mgd.kz қолдау қызметіне сұрау жолдайды, онда мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға берген өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алышуның атауы,

жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің нұсқасы (Windows, БСАЖ) көрсетіледі және қатеге әкеліп соққан әрекеттер тізбегі мазмұндап берілуі қажет.

3-            тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;

мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4 бабы 1-тармағы 6)-тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

 

 

 

«Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет қағидасына 1- қосымша

 

«Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Ал- маты, Астана және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік көр- сетілетін қызметті көр- сету каналдары

1)  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

2)  «электрондық үкіметтің» www.egov.kz

веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

1)  көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

2)  көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін Мемлекеттік корпораци- яда күтудің рұқсат берілетін

уақыты – 15 (он бес) минут;

3)  көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің Мемлекет- тік корпорацияда рұқсат берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1)  уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты беру немесе шет мемлекеттің құзыретті органы белгіленген нысан бойынша оның резиденттігін растау және (немесе) оның телнұсқасын беру;

2)  Қағиданың осы 1-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген жағдайда және негізде қызмет бе- рушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауабы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағазда.

6

Мемлекеттік көр- сетілетін қызметті көр- сету үшін қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қаза- қстан Республикасы заң- дарымеп белгіленген ақыны алу әдістері

Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

7

Қызметті берушің жұ- мыс кестесі

1)  көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) сәйкес сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспаған- да, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере оты- рып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жедел- детілген қызмет көрсету көзделмеген;

2)  Мемлекеттік корпорация – ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспаған- да, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген, портал арқылы электрондық кезекті брон- дауға болады;

3)  портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қос- пағанда (көрсетілетін қызметті алушы

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жү- гінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтиже- лерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1)  көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz;

2)  Мемлекеттік корпорацияның – www. gov4c.kz;

3)  www.egov.kz порталы интернет-ресурстарында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы не өкілдің тиісті өкілеттігі көрсетілетін Қазақстан Республикасы- ның азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі жүгін- ген кезде:

резиденттігін растайтын құжатты алу үшін; Мемлекеттік корпорацияға:

1)  осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес резиденттігін растау туралы салықтық өтініш (бұдан әрі – са- лықтық өтініш);

2)  өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқаны негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көр- сетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасы- ның немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қыз- метін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өз- ге де құжаттарды) нотариаттық куәландырылған көшірмесін;

3)  резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның шетелдік төлқұжатының немесе куәлігінің, Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат- тың (бар болса) нотариат куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады;

порталға:

1)  осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2)  өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқаны негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көр- сетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасы- ның немесе негізгі басқару және(немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қыз- метін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өз- ге де құжаттарды) нотариаттық куәландырылған электрондық көшірмесі;

3)  резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам – азаматтығыжоқ адамның шетелдік төлқұжатының немесе куәлігінің, Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат- тың (бар болса) нотариат куәландырылған электрондық көшiрмелерiн ұсынады;

резиденттігін растайтын құжаттың телнұсқасын алу үшін; Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш; порталға:

1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш.

9

Қазақстан Республика- сы заңдарымен белгі- ленген мемлекеттік көр- сетілетін қызметті беру- ден бас тарту негіздеме- лері

1)  Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты бол- майтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлға- лар «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республи- касы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) мақсатында Қазақстан Республикасының резидент- тері деп танылады;

2)  егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Рес- публикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.

3)  бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

 

 

 

 

 

 

жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;

жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;

жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында кез келген уақытта тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне меншік құқы- ғында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдде- лерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан деп қарастырылады.

4)  Салық кодексінің 217-бабында көзделгендей Қазақстан Республикасының азаматы болып табы- латын жеке тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамай Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген:

мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген жеке тұлға, оның ішінде дипломатия- лық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ аталған жеке тұлғаның отбасы мүшелері;

тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлға- ларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралы экипажының мүшесі;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге көшірілген Қазақстан Республикасы әскери бөлімдерінің немесе әскери құрамаларының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтін;

оқу, оның ішінде тағылымдамадан немесе практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилак- тикалық рәсімдерден өту мақсатында, оқу, оның ішінде тағылымдамадан немесе практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту кезеңінде Қазақстан Республикасы- ның шегінен тыс жерлерде болатын жеке тұлға;

сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында аталған қызметтерді (жұмыстарды) көрсету (орындау) кезеңінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болатын оқытушы және (немесе) ғылыми қызметкер Қазақстан Республикасында

тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемшарттарға қарамастан, рези- дент-жеке тұлға деп танылады;

5)  Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заң- ды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қаза- қстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар да Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.

Нақты органның (директорлар кеңесінің немесе ұқсас органның) негізгі басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажет- ті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылданатын жиналысы өткізілетін орын тиімді басқа- ру орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп танылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік кор- порациясы арқылы көр- сету ерекшеліктері ес- керіле отырып қойыла- тын өзге де талаптар

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексімен белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағ- дарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414,

8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекет- тік корпорация арқылы көрсету кезінде).

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті элек- трондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпа- ратты порталдағы «жеке кабинеті», бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткі- зу режимінде алу мүмкіндігі бар.

 

«Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет қағидасына 2- қосымша

(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (болған кезде) әкесінің аты (бұдан әрі – аты- жөні), не ұйымының атауы)

 
   

 

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып,

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалының №      бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің Қағиданың

  • қосымшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты «Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы: 1)                                                                               ;

2)                                                                           ;

3)….

Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды. Аты-жөні (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері)

(қолы)

Орындаушы: аты-жөні                          Телефон                    

Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы 20     жыл «      »                  

 

«Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет қағидасына 2- қосымша

 

 

 

Дата публикации
13 марта 2023
Дата обновления
13 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы