2023 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік бюджеттің кірістер бойынша жоспары 105,5%-ға орындалды, жоспарланған 130,1 млрд теңгенің орнына 137,3 млрд теңге түсіп, жоспардан тыс 7,1 млрд теңге түсті.
Оның ішінде Республикалық бюджет бойынша жоспар 101,8%-ға орындалды, жоспарланған 98,7 млрд теңгенің орнына 100,5 млрд теңге түсіп, жоспардан тыс 1,8 млрд теңге түсті.
Жергілікті бюджет бойынша жоспар 116,9%-ға орындалды, жоспарланған 31,4 млрд теңгенің орнына 36,7 млрд теңге түсті немесе жоспардан тыс 5,3 млрд теңге түсті.