2023 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік бюджеттің кірістер бойынша жоспары 119,4%-ға орындалды, жоспарланған 55,8 млрд теңгенің орнына 66,6 млрд теңге түсті, жоспардан тыс 10,8 млрд теңге түсті.
Соның ішінде Республикалық бюджет бойынша жоспар 120,3%-ға орындалды, жоспарланған 41,6 млрд теңгенің орнына 50,0 млрд теңге түсті, жоспардан тыс 8,4 млрд теңге.
Жергілікті бюджет бойынша 116,7%-ға орындалды, жоспарланған 14,2 млрд теңгенің орнына 16,6 млрд теңге немесе жоспардан тыс 2,4 млрд теңге түсті.