Разъяснение по БФЛ

2022 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына қол қойылды.

 

Заңмен 3 түрлі рәсім қарастырылған:

  • Соттан тыс банкроттығы;
  • Сот банкроттығы;
  • Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Барлық үш рәсімді тек борышкер өзі ғана ынталандыра алады, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

 

Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық – бұл рәсімді тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.

 Шарттары мынадай:

  1. Банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 айлық есептік көрсеткіштен) аспау керек;
  2. Өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;
  3. Борышкердің жеке мүлігі, немесе ортақ меншіктегі (ерлі зайыптылардың тұрмысы кезінде пайда болған) мүлік жоқ болуы;
  4. Банкпен берешектерді реттестіру (келісімнің шарттарын жұмсарту, сыйақыны азайту және тб) бойынша жұмыс жүргізу (коллекторлар бойынша талап етілмейді);
  5. Банкроттық рәсім 7 жыл бойы қолданылмау қажет.

 

Сонымен қатар, Заң жобасымен кейбір борышкерлерге ерекше жағдайлар қарастырылған, яғни:

  • 6 ай ішінде әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін 12–ай ішінде міндеттемелерді өтемеу шарты қолданылмайды;
  • 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін жоғарыда көрсетілген барлық шарттар қолданылмайды.

 

Соттан тыс банкроттық рәсімі «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады (өтініштер электронды немесе қағаз жүзінде тапсырылады).

Содан кейін, ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.

Бүгінгі күнге бұл тек жоба, наурыз айына дейін бұл жұмыс іске аспаса, яғни автоматтандырылмаса, арыздар қағаз жүзінде аудандық мемлекеттік кірістері арқылы тапсырылып, шешімі (соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану немесе одан бас тарту) Мемлекеттік кірістер департаментімен арызды қабылдап алу күнінен бастап 15 жұмыс күннің ішінде шығарылады.

Рәсімнің артықшылықтары:

- борышкер сотқа шағымданбайды (сотпен процессуалдық қарастыру мерзімі 2 ай);

- қарастыру мерзімі 15 күн;

- шетелге шығуға шектеу жоқ.

 

Екінші рәсім - Сот банкроттығы.

Шарты:

5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша (салықтық, кедендік және тб) азаматтар жүгіне алады.

Сот банкроттығы мақсаты - банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Нені білу керек:

1.Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады;

  1. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредиторлар бұл мүлік есебінен берешекті өндіріп алуға құқылы;
  2. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді яғни кредиторлар бұл мүлік есебінен берешекті өндіріп ала алмайды;
  3. Қаржы басқарушысы тағайындалады;

5.Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде – яғни 70 мың теңге), мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген;

  1. Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 ай, ұзарту мүмкіндігі 6 ай;
  2. Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салынады.

 

Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің қара ниет белгілері болмаса (мүлікті немесе мүлігі жайлы ақпаратты жасыру) есептен шығаруға жатады.

Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:

  • Заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң консультанттары;
  • Аудиторлар.

 

Үшінші рәсім – Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот арқылы бөліп төлеу мүмкіндігін алу.

Шарты:

  • Қарыздың мөлшері борышкер мүлігінің құнынан аспайды.

 

Сауықтыру шаралары:

1.Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру

  1. Құны төмен тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үйді сату, айырбастау және т.б.

 

Сауықтыру жоспары қаржы басқарушымен бірлесе әзірленіп, сотпен бекітіледі.

Рәсімнің артықшылықтары:

- борышкер «банкрот» мәртебесіне ие болмайды, сондықтан банкротқа қарастырылған негативті салдар мұндай борышкерлерге қолданылмайды;

- қарыздарды бөліп төлеу (5 жылға дейін).

 

 

Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар:

  • 5 жылға несиелер мен кредиттер алу шектеу;
  • 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығы;
  • 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.

Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектер есептен шығарылмайды.

 

 

Сұрақтар туындаған жағдайда және түсіндірме алу үшін Жетісу облысы бойынша МКД Берешектермен жұмыс басқармасының Оңалту және банкроттық бөліміне, келесі байланыс нөмірлері арқылы қоңырау шалуға болады - 8 (7282) 601201, 601276, 8-777-488 94 07, 8-747-7518984

 

Дата публикации
05 апреля 2023