|
Қаржы Министрдің |
"Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Жолаушылардың кедендік декларациясын қабылдау және көрсету нәтижесін беру жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
Келу тәртібімен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды қабылдауға қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне құжаттарды өңдеуге береді.
Электрондық түрде жүгінген кезде-көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы қабылданады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 343-бабының 3-тармағына сәйкес жолаушылар кедендік декларациясын ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат ұсынылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдағанын растау құжаттар топтамасын қабылдаған адамның күнін, уақытын, қолын, тегін және аты-жөнін қамтитын жолаушылар кедендік декларациясының көшірмесіндегі белгі болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Құжаттарды қабылдауға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі құжаттар келіп түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушы Кеден кодексінің 343-бабының 1-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші жолаушылар кедендік декларациясын қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты қызметкер жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды жолаушылар кедендік декларациясы тіркелген кезден бастап жұмыс уақытының 4 (төрт) сағаты ішінде аяқтайды.
Заңның 5 бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе Кеден кодексінің 182-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қағаз жеткізгіште беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
|
|
"Жолаушылар кедендік |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары көрсетеді. |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету каналдары |
Жолаушылар кедендік декларациясын (бұдан әрі – ЖКД) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару көрсетілетін қызметті берушімен жолаушылар кедендік декларацияны тіркеу кезеңнен 4 (төрт) жұмыс сағат ішінде; |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде. |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
ЖКД тіркеу, әлде Қағиданың осы 1-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша ЖКД тіркеуден бас тарту туралы уәжделген жауап. |
|
6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасы заңдарымеп белгіленген ақыны алу әдістері |
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Қызметті берушің жұмыс кестесі |
1) Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушіге бекіткен тәулік бойғы және басқа да жұмыс режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы бойынша, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ЖКД және құжаттар негізінде толтырылған ЖКД. |
|
9 |
Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздемелері |
Көрсетілетін қызметті алушымен Кодекстің 201-бабымен белгіленген талаптарды орындамау, мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздемелері болып табылады. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде). |