
1-1. Салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) жүзеге асырылатын аумақты (учаскені) және (немесе) өңірді, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) қағидалары мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
1) заңдылық;
2) салық төлеуші мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;
3) тәуекелдерді бағалауға негізделген салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі сараланған тәсіл қағидаттарына негізделеді.
Көлік салығын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталындағы «Электрондық сервистер» бөліміндегі «Калькулятор» арқылы немесе Е-SalyqAzamat мобильді қосымшасында есептеуге болады.
Көлік салығы уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде есептеледі.
Егер көлік құралы жоқ болса, онда жеке меншік құқығында көлік құралының болмауы туралы уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама алып, тұрғылықты жеріңіздегі Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсыру қажет.
Көлік салығынан босату тек бір автокөлікке қолданылады, егер оның қозғалтқыш көлемі 4 000 см³-тан аспаса. Егер 4 000 см³-тан асатын көлік 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін тіркеліп, сол уақыттан бері иесі өзгермеген болса, онда салықтан босатылады.