GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Салықтық әкімшілендіру
Кедендік әкімшілендіру
15 октября 2026
Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер!

Салық есептілігін тапсыру мерзімінің жақындағанын еске саламыз. Салық міндеттемелерін уақытылы орындап, қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, тапсыруды сұраймыз.

📌 Маңызды күндер мен мерзімдер жоғарыдағы карусельде көрсетілген

12 октября 2026
Қазақстанда арнайы Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімі жаңартылды
14 сентября 2026
Спорт - бірлікке бастар жол!

2026 жылғы 11 қыркүйекте Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері күштік құрылымдар, құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдері арасында өткен дәстүрлі жыл сайынғы облыстық футбол турниріне қатысты.

Турнир Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі Адылбай Дастан Адылбайұлының рухына арналды.

Жамбыл облысы бойынша МКД командасы Департамент намысын лайықты қорғап, командалық рух, өзара қолдау және жеңіске деген жігер танытты.

🏆 Бұл жолы команда жүлделі орынға ие бола алмады. Дегенмен, бастысы - қатысу, спорттық бірлік және командалық өзара іс-қимылды нығайту.

Мұндай іс-шаралар ұжымның ауызбіршілігін арттыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасындағы достық байланысты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Салықтық әкімшілендіру
Кедендік әкімшілендіру
28 августа 2026
Жамбыл облысында салықтық әкімшілендіру нәтижелері, бизнесті көлеңкеден шығару, кассалық тәртіпті нығайту және тұтынушылардың фискалдық чекті талап етуі туралы пресс-конференция

🔰 28.08.2026ж. Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің байланыс орталығында 📷«баспасөз-конференция» өтті.
🎤Спикерлер: Шайдуев Кабылбек Бектұрғанұлы – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары;
Нурмаханбетов Ерлан Мирамбекович – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің «Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы» басқармасының басшысы.
🔷Тақырыптары:
1) Жамбыл облысында бойынша мемлекеттік кірістер органдарының салықтық әкімшілендіру жұмыстарының нәтижелері;
2) бизнесті көленкеден шығару бойынша серпінді жобаны іске асыру;

3) тұтынушылармен фискалды чектерді талап ету;

4) жеке тұлғалардың тауар импортын кәсіпкерлік мақсатта пайдалануды айқындау өлшемшарттары туралы.
Эфирдің толық нұсқасын⬇️сілтеме арқылы көре аласыздар:
Ютуб: https://www.youtube.com/live/DsoJEfOXclU
Фейсбук: https://www.facebook.com/watch/live/?mibextid=wwXIfr&ref=watch_permalink&v=2149158889283410&rdid=YGa9QVpohK0W6VG7

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Кедендік әкімшілендіру
27 августа 2026
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Декларацияның 31-бағанын дұрыс толтыру туралы

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауарларға арналған декларацияның «Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы» 31-бағанын толтыру талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударады.

31-бағанды толтыру кезінде декларацияланатын тауар туралы тауарды сәйкестендіруге және ЕАЭО ТН ВЭД-інің он таңбалы тиісті кодын айқындауға мүмкіндік беретін толық әрі дұрыс мәліметтер көрсетілуі қажет.

Тауардың сипаттамасында тиісті мәліметтер болған жағдайда оның атауы, өндірушісі, тауар белгісі, маркасы, моделі, артикулы, техникалық және коммерциялық сипаттамалары, құрамы, саны, өлшем бірліктері, сондай-ақ тауарды сәйкестендіру, кедендік төлемдерді есептеу және тыйымдар мен шектеулерді сақтау үшін қажетті өзге де сипаттамалар көрсетілуі тиіс.

Назар аударамыз: тауардың толық емес немесе дұрыс көрсетілмеген сипаттамасы ұсынылған мәліметтерді нақтылау қажеттілігіне, кеден органдары тарапынан қосымша сұрау салуларға, кедендік операциялардың жасалу мерзімінің ұзаруына, сондай-ақ НИП «КЕДЕН» жүйесінде деректердің автоматтандырылған өңделуінің қиындауына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға декларацияны ұсынар алдында 31-бағанда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын мұқият тексеру ұсынылады.

31-бағанды дұрыс толтыру — кедендік операцияларды сапалы және уақтылы жүзеге асырудың маңызды шарты.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан осы мәселеге ерекше назар аударып, тауарларға арналған декларацияларды дұрыс толтыруды қамтамасыз етуді сұраймыз.

24 августа 2026
Чекті міндетті беру және БКМ қолдану

💳 Ақшалай есеп айырысу:

Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтерге қолма-қол ақша, төлем карточкалары немесе мобильді төлемдер арқылы төлем жасау. Кез келген ақша алу – ақшалай есеп айырысу болып саналады.

🧾 БКМ чегі деген не:

Контрольно-кассалық машина чегі — төлем фактісін растайтын бастапқы есеп құжаты. Шығарылады:

* Қағаз түрінде;

* Электронды түрде ККМ немесе «Е-Салық Бизнес» мобильді қосымшасы арқылы.

⚠️ Ақаулар мен жауапкершілік:

* Чекті бермеу немесе дұрыс емес сомамен беру — ескерту, қайталанған жағдайда — айыппұл:

o Шағын және орта бизнес (ШОБ): 20–30 АЕК

o Ірі бизнес: 40–50 АЕК

 

✅ БКМ қолдану талаптары:

  1. БКМ іс-әрекет басталғанға дейін салық органында есепке қойылады;
  2. Әр төлем чекпен расталады;
  3. Салық органдары БКМ-ге бақылау үшін қол жеткізе алады;
  4. Чек мазмұны және деректерді беру талаптарына сәйкес болуы тиіс;
  5. БКМ-ді өзгерту немесе есептен шығару мүмкін жағдайлары:

o қызметті тоқтату, ликвидация немесе қайта ұйымдастыру;

o техникалық ақау;

o ұрлық немесе жоғалту;

o жаңа модельге ауыстыру.

💡 Маңызды:

* БКМ кірістерді бақылауға, салықтарды дұрыс есептеуге және айыппұлдан сақтануға көмектеседі. Чем тұтынушынын құқықтарын қорғайды.

* Онлайн немесе карточка арқылы төлем жасалған жағдайда да чек міндетті.

Ескертпе: Чек беруден бас тарту фактілері туралы Мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну қажет, оған арнайы мобильды қосымша бар (QR кодын қолдану арқылы), және "Amian" мобильды қосымшасы, сондай-ақ "e-Otinish" порталы арқылы растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып өтініш беруге болады.

Әр факті бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

24 августа 2026
ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕН ТАУАР ӘКЕЛУ: ҚАЙ КЕЗДЕ БҰЛ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ БОЛЫП САНАЛАДЫ?

Ең бастысы: егер жеке тұлға ЕАЭО елдерінен Қазақстанға белгіленген құн немесе сан өлшемдерден асатын тауар әкелсе, мұндай әкелу кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылды деп танылады.

1. Тауарларды қандай сомаға дейін әкелуге болады?

Егер күнтізбелік жыл ішінде әкелінген тауарлардың құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген АЕК-тің 360 еселенген мөлшерінен асса (360-АЕК=1557000тг.), тауарларды әкелу кәсіпкерлік мақсаттағы әкелу болып танылады.

2. Жекелеген тауарлар бойынша сандық шектеулер бар

Бір жыл ішінде бір адамға:

  • үлбірден жасалған бұйымдар, оның ішінде бас киімдер - бір атаудағы 1 данадан артық;
  • ұялы телефондар - 2 данадан артық;
  • планшеттер - 2 данадан артық;
  • стационарлық және портативті компьютерлер және оларға арналған керек-жарақтар - 2 данадан артық;
  • зергерлік бұйымдар - 5 данадан артық;
  • велосипедтер - 1 данадан артық;
  • балалар арбалары - 2 данадан артық;
  • көлік құралдары, оның ішінде бөлшектелген күйде - 1 данадан артық әкелінсе, бұл кәсіпкерлік мақсаттағы әкелу болып танылады.

Маңызды

Бұл өлшемдер бұрын пайдаланылған және жол жүру кезінде және (немесе) баратын жерде қажет болатын тауарларға қолданылмайды.

Бұл ретте:

  • тауардың жол жүру кезінде немесе баратын жерде пайдаланылуы;
  • маусымдылық, сапар мақсаты және көлік түрі;
  • тозу белгілерінің болуы - сызаттар, майысулар және басқа да механикалық зақымдар, жуылғаны;
  • биркалардың, жапсырмалардың, этикеткалардың және бастапқы қаптаманың болмауы ескеріледі.

ЕГЕР ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ КӘСІПКЕРЛІК ДЕП ТАНЫЛСА?

  1. дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
  2. ілеспе құжаттарды рәсімдеуге, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру (328.00-нысан).
  3. қосылған құн салығын (ҚҚС) белгіленген тәртіппен төлеуге.

Есте сақтаңыз: ЕАЭО-дан тауар әкелген кезде оның құнына ғана емес, жекелеген тауар түрлерінің санына да назар аудару қажет. Белгіленген өлшемдерден асып кетсе, мұндай әкелу кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылды деп танылады.

Кедендік әкімшілендіру
21 августа 2026
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуді цифрландыру: «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесі

Қазақстанның автомобиль өткізу пункттерінде жүк автокөлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өту күні мен уақытын алдын ала брондауға мүмкіндік беретін CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді.

Жүйе пилоттық режимде 2022 жылғы қарашада іске қосылды. Жүйені әзірлеуші - ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ.

🔹 Жүйенің негізгі мүмкіндіктері:

  • өткізу пунктін, күнін және уақытын алдын ала таңдау;
  • жүргізуші мен көлік құралы туралы мәліметтерді енгізу;
  • өткізу пункттерінің алдында жүк көліктерінің жиналуын азайту;
  • адами фактордың әсерін төмендету;
  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы бақылау рәсімдерінің бір бөлігін автоматтандыру.

🔹 Электрондық кезекті қалай пайдалануға болады?

Тасымалдаушы QOLDAU ресми порталы арқылы жүйеге тіркеліп (cgr.qoldau.kz/ru/start сілтемесі бойынша), қажетті автомобиль өткізу пунктін және қолжетімді уақытты таңдауы қажет.

Көлік құралының өткізу пунктіне немесе күту аймағына келу қажеттілігі туралы ақпарат брондалған күн мен уақытқа дейін кемінде 24 сағат бұрын пайдаланушының жеке кабинетінде көрсетіледі. Сонымен қатар push немесе SMS-хабарламалар жіберілуі мүмкін.

Көлік құралы белгіленген электрондық кезекке сәйкес өткізу пунктіне өтеді. Егер көлік құралы белгіленген күні келмесе, бронь автоматты түрде жойылады.

❗ Маңызды:
Электрондық кезек жүк автокөліктеріне, оның ішінде тіркемесі бар көліктерге және ершікті тартқыштарға қолданылады. Жеңіл автокөліктер мен автобустарға кезек брондау талап етілмейді.

💰 Төлем мөлшері:

  • кезекті рәсімдеу және брондау - 1 АЕК;
  • жүк автокөліктерін жедел тәртіппен өткізу - 100 АЕК.

Қызметті пайдаланушының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайда төленген қаражат қайтарылмайды. Бұрын брондалған кезекті басқа күн мен уақытқа бір рет қайта төлемсіз ауыстыруға болады.

📍 Жамбыл облысындағы CarGoRuqsat

Жүйе мына автомобиль өткізу пункттерінде енгізілді:

  • «Ауқатты» АӨП - 2025 жылғы 12 мамырдан;
  • «Сыпатай батыр» АӨП - 2025 жылғы 16 мамырдан;
  • «Айша бибі» АӨП - 2025 жылғы 23 мамырдан;
  • «Қарасу» АӨП - 2025 жылғы 20 қазаннан;
  • «Қордай» АӨП - 2026 жылғы 16 ақпаннан.

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан бері жүйе арқылы 131 824 көлік құралы өтті:
«Қарасу» - 85 628, «Сыпатай батыр» - 20 277, «Айша бибі» - 15 902, «Ауқатты» - 5 289, «Қордай» - 4 728.

Жүйеде VIN-кодты тексеру механизмі де қарастырылған. 2025 жылғы 3 сәуірден бастап көлік құралына қолданыстағы бронь болған жағдайда, алдыңғы бронь жойылғанға дейін жаңа бронь жасауға мүмкіндік берілмейді.

CarGoRuqsat шекарадағы кезекті ұйымдастыруды цифрлық форматқа ауыстырып, тасымалдаушыларға шекарадан өту уақытын, бағыттарды және жүктерді жеткізу мерзімдерін алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

18 августа 2026
Тараз қаласында мемлекеттік кірістер органдарының мобильді топтарына арналған көшпелі оқыту семинарлары өткізілді

2026 жылғы 11-13 тамыз аралығында Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Автомобиль көлік құралдарын тоқтату кезінде және тауарларды заңсыз алып өтудің белгілері (фактілері) анықталған жағдайда кедендік бақылауды жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органдары мобильді топтары лауазымды адамдарының іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында көшпелі оқыту семинарларын өткізді.

Іс-шараларға Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Жамбыл және Алматы облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің мобильді топтарының қызметкерлері қатысты.

Көшпелі оқыту семинарлары және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бейінді бөлімшелерімен өткізілген кеңестер мобильді топтардың қызметінде бірыңғай тәсілдер мен практиканы қалыптастыру, тәжірибе алмасу, өңірлік тәжірибені зерделеу, сондай-ақ кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті және проблемалық мәселелерді талдау және талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарлар барысында өңірлердің негізгі қызмет бағыттары бойынша ағымдағы мәселелер қаралып, практикалық жағдайлар және келісілген шешімдерді талап ететін жекелеген мәселелер талқыланды.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық тәжірибелерімен алмасып, мобильді топтардың жұмысын одан әрі жетілдіру жөніндегі шараларды талқылады.

Салықтық және кедендік әкімшілендірудің заманауи тәсілдерін іске асыру мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының қолайлы әрі ашық жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық және кеден саясатын тиімді іске асыруға бағытталған.

 Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

17 августа 2026
«Бірлік пен командалық рух: Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті»

2026 жылғы 14 тамызда Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында спорттық және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Спорттық жарыстар кіші футбол, шахмат және үстел теннисі бойынша өтті. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, командалық ойындар барысында ұйымшылдық пен өзара қолдаудың үлгісін көрсетті.

Спартакиада қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, командалық рухты нығайтуға, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыруға және өзара ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік берді.

Іс-шара мемлекеттік кірістер саласында қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегін атап өтуге, сондай-ақ ұжымның ауызбіршілігі мен өзара түсіністігін нығайтуға арналды.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы