Мемлекеттік қызметті алу үшін салық төлеуші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талабын (бұдан әрі – талап) көрсетілетін қызметті беруші немесе портал арқылы береді. Сонымен қатар ҚҚС асып кету талабы бастапқы, кезекті және жоюшы ҚҚС бойынша декларацияда көрсетіледі.
Егер ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияда қосылған құн салығы асып кеткен соманы қайтаруды талап етпесе, онда бұл асып кету ҚҚС бойынша алдағы төлемдермен есепке алынады немесе Салық кодексінің 48- бабында көрсетілген шектеулі мерзім ішінде қайтаруға ұсынылады.
Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалатын болса:
1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;
Осы тармақтың мақсаттарында нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге, әрбір тоқсанда бір реттен сиретпей кезекті үш салықтық кезең ішінде жүзеге асырылатын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жатады. Бұл ретте көрсетілген әрбір салықтық кезеңдегі осындай өткізу тұрақты өткізу деп танылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.
1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген ҚҚС қайтару туралы салықтық өтініш;
2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – салық кезеңі үшін белгіленген нысандағы ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап;
3) экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келiсiмшарт);
4) тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органының немесе ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
5) өңдеу кедендік рәсімін экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізiлетiн тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
6) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
7) экспорттау жағдайында – тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
8) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.