Салық кодексінің 142-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, 172 және 394-баптарына, 464-бабының 2-тармағына, 465-бабының 6-тармағына, 469-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына, 480-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді.
Салық кодексіне осы өзгерістер 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдеріне цифрлық таңбалаудың енгізілуіне байланысты енгізілді, осыған байланысты «акциздік таңбалар» термині Салық кодексінің барлық редакциясы бойынша «сәйкестендіру құралдары» терминіне ауыстырылды.
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 31) тармақшасына сәйкес сәйкестендіру құралы-штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты сәйкестендірудің өзге құралын (технологиясын) пайдалана отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей реттілігі.
Салық кодексінің 172 және 394, 463-баптарына, 467-бабының 1 және 2-тармақтарына, 475-бабының 4-тармағына, 554-бабының 4-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұл өзгерістер мен толықтырулар «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың Техникалық регламентіне (ЕАЭО 047/2018 ТР) сәйкес келтіру мақсатында енгізілді.
Салық кодексінің 172-бабына, 475-бабының 4-тармағына және 4-1-тармағына акциз төлеудің екі тәсілін, алкоголь өнімін өндірушілер үшін – есепке алу-бақылау маркаларын (ЕБМ) алғанға дейін немесе Салық кодексінің 172-бабына (2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) сәйкес ЕБМ-ны нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған кезде оны жөнелту күні төлеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
«Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссияның 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің 22 тобына сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН 2205 кодына «Вермут және өсімдік немесе хош иісті заттар қосылған басқа да табиғи жүзім шараптары» позициясының атауы, ал ЕАЭО СЭҚ ТН 2206 00 кодына - «Басқа ашытылған сусындар (мысалы, сидр, алмұрт сидрі, бал сусыны, сакэ); басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген ашытылған сусындардан жасалған қоспалары және ашытылған сусындар мен алкогольсіз сусындардың қоспалары» жатады.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 5-тармағына сәйкес толысылған шараптан (шарап материалдарынан) өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi пайыздан аспайтын алкоголь өнiмi шарап болып табылады.
Бұл ретте Заңның 5-бабы 4-тармағында этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi жарым пайыздан аспайтын, хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiн және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзiмдi, жүзiм шырынын не жемiс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесiнде алынған, шарап ашыту және ликер-арақ өнiмiн, тікелей немесе екi мәрте айдау жолымен алынған этил спиртiн өндiру үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылатын алкоголь өнімі толысылған шарап (шарап материалы) болып табылатыны белгiленген.
Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 7-жолына сәйкес алкоголь өніміне (коньяк, бренди, шарап, толысылған шарап, сыра қайнату өнімдерінен басқа) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша 2205, 2206 00 және 2208-ден) 2550 теңге/литр мөлшерінде 100 % спирт акциз мөлшерлемесі айқындалған.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 9-жолына сәйкес шарапқа (ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша 2204-тен) 35 теңге/литр мөлшерінде акциз мөлшерлемесі айқындалған.
Бұл ретте этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi жарым пайыздан аспайтын, хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, жүзiмдi, жүзiм шырынын не жемiс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесiнде алынған алкоголь өнімі шарап болуы мүмкін.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде өсімдік немесе хош иісті заттар қосылған вермут пен басқа да шараптарға, сондай-ақ басқа ашытылған сусындарға (сидр, алмұрт сидрі, бал сусыны, сакэ); ашытылған сусындардан жасалған қоспаларға және ашытылған сусындардың қоспаларына 100% спирттің литріне 2550 теңге мөлшерлемесі бойынша салық салынады, ал табиғи шараптарға, оның ішінде жеміс шараптарына 35 теңге/литр мөлшерлеме бойынша салық салынады.