Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ҚҚС бойынша салық заңнамасына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды:
ҚҚС есепке алу әдісінің қолданылу мерзімін ұзарту
Салық кодексінің 427 және 428-баптарына, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 4) тармақшасына өзгерістер енгізу (2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетулерде Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар тізбесінен, ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін пестицидтерді, асыл тұқымды малдардың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтарды, тірі ірі қара малды алып тастау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жоқ өндіріс құралдары бойынша есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға ҚҚС төлеуді 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту көзделінген.