Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қарашада № 21631 болып тіркелді.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Е. Жамаубаев |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) акцизделетін тауарлар – этил спирті, алкоголь өнімі, бензин, дизель отыны, темекі бұйымдары;
2) алыс-беріс шикізаты – қайта өңдеуге арналған шикізат;
3) бастапқы тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат (бұдан әрі – ТІЖ) – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелген кезде ресімделетін ТІЖ;
4) бөлшек сауда – тауарларды соңғы тұтынушыға сатып алуға және сатуға байланысты сауда қызметінің түрі.
Бұл ретте соңғы тұтынушы деп – тауарды (ларды) кәсіпкерлік қызметпен және жеке практикамен айналысатын тұлғалармен жүзеге асырумен байланысты емес жеке, отбасылық, үй ішінде және өзге де мақсаттарда пайдалану үшін оларды сатып алатын, сататын жеке тұлға деп түсініледі;
5) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) модулі;
6) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) алып қою тізбесінің тауарлары – тауарлар, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) коды және атауы Тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне сәйкес қатысушысы болып табылатын, халықаралық шартқа сәйкес бекітілген ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолданады;
7) жеңіл автокөлік – жүргізушіні қоса, сыйымдылығы 9 адамға дейін, рұқсат етілген ең жоғары жүк көтеруі 3,5 тоннадан аспайтын, жолаушылар мен багаждарды тасымалдауға арнаған көлік құралы;
8) қойманың сәйкестендіру нөмірі (ІD) – салық төлеушінің ЭШФ АЖ-ғы виртуалды қойманың тіркеу нөмірі;
9) құрамында алтыны бар өнім – электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы жазып беруге жататын құрамында алтыны бар өнім;
10) таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісі – таңбаланатын тауарлардың айналымы кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалау ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ТТҚ АЖ) қалыптастырылатын электрондық құжат;
11) тауарларды әкелу туралы хабарлама – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ТТҚ АЖ-да қалыптастырылатын электрондық құжат;
12) тауарларға арналған декларация – тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжат;
13) тауардың ІD – виртуалды қоймадағы тауарлар үшін автоматты түрде жасалатын сәйкестендіргіш;
14) тауарларды өткізу – Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды өткізу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу және (немесе) бір адам шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
15) ТСН-код – акцизделетін өнім өндірушілерге, акцизделетін өнім импортын жүзеге асыратын көтерме жеткізушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін акцизделетін өнімнің әрбір атауына, түріне берілетін, тауарларға ілеспе жүкқұжатында акцизделетін өнімнің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті тұрақты сәйкестендіру нөмірі;
16) ТІЖ – тауарларға ілеспе жүкқұжаттар, оның ішінде салық төлеушіге тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын құжат;
17) ТІЖ ресімдеу – осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес нысандарды толтыру және электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен, қағаз түрінде ТІЖ ресімдеген жағдайда уәкілетті жеке тұлғаның қол қоюы және мөрі (болған кезде);
18) ТІЖ тіркеу – ЭШФ АЖ-да бірегей тіркеу нөмірін беру, қағаз түрінде ТІЖ ресімдеген жағдайда – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу жүйесінен немесе қағаз түрінде ТІЖ тіркеу журналынан нөмірді беру рәсімі;
19) ТІЖ тіркеу нөмірі – оны тіркеу кезінде берілетін және жеткізушінің (әкелу кезінде – алушының) сәйкестендіру нөмірінің, ТІЖ тіркелген күні мен бірегей ретсіз нөмірінің негізінде автоматты түрде ЭШФ АЖ-да қалыптастырылатын ТІЖ бірегей нөмірі не қағаз түрінде ТІЖ тіркеу журналының негізінде берілетін ТІЖ бірегей нөмірі;
20) ТІЖ растау – тауарларды алған кезде алушының ТІЖ растауы;
21) ТІЖ бас тарту – тауарлардың сәйкессіздігі болған кезде алушының ТІЖ бас тартуы;
22) ТІЖ түзету – бұдан бұрын ресімделген ТІЖ жою жолымен тауарлардың жеткізушісін және (немесе) алушысын ауыстыруға әкеп соқтырмайтын қателерді түзету;
23) ТІЖ кері қайтару – бұдан бұрын ресімделген ТІЖ кері қайтару;
24) уәкілетті жеке тұлға – осындай заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен, айналысатын адамдардың атынан сенімхат негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулінде операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамдардың қызметкері немесе өкілі;
24-1) тауар – "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
25) ілеспе пайдалы қазбалар - негізгі пайдалы қазбаларды игеру кезінде өндіру мен өңдеуі рентабельді және шаруашылықта пайдалануға экономикалық жағынан қолайлы болып табылатын негізгі пайдалы қазбалармен бірге өндірілетін және солармен ұласып жатқан минералдық кешендер, минералдар, металдар және басқа химиялық элементтер мен олардың қоспалары;
25-1) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – электрондық шот – фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген және салық заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес келетін құжат;
26) электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы жазып берілетін тауарлар – "Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18603 болып тіркелген) сәйкес электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы жазып берілетін тауарлар;
27) GTІN (Global Trade Іtem Number) – GS1 жүйесінің стандарттарымен белгіленген қағидаларға сәйкес оның әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнде сәйкестендірілуі мақсатында ұлттық (өңірлік) GS1 ұйымның тауарлар тобына берілетін жаһандық сәйкестендіру нөмірі, ТТҚ АЖ-ғы тауар коды ретінде пайдаланылады;
28) 328.00-нысан – "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16448 болып тіркелген) бекітілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 1 қазанға дейін;
виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 1 қантарға дейін;
ДСҰ алып қою тізбесінің тауарлары және цифрлық таңбалау қолданылатын тауарлар бойынша 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 тамызға дейін іске асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) мыналар:
акциздік тауарларды өндіру және (немесе) өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын;
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын;
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкетуді жүзеге асыратын;
ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін тауарларды әкелуді жүзеге асыратын;
ДСҰ-ның алып қою тізбесінің тауарларын және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкетуді жүзеге асыратын;
ДСҰ-ның алып қою тізбесінің тауарларын өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
2) ЭШФ АЖ әзірлеуші – "Open Systems Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) тауарларды таңбалау операторы – "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы;
4) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы";
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) қатысушылары болып табылады.
1) "Қойма" – салық төлеушінің негізгі қоймасы, бірнеше қойманы тіркеуге болады;
2) "Бөлінбеген қойма" – ЭШФ АЖ пайдаланушылары үшін және бөлшек саудада, оның ішінде ЭШФ АЖ тіркелмеген тауарды өткізуді жүзеге асыратын алушылар үшін автоматты түрде құрылатын қойма;
3) "Сату нүктесі" – тауарды сату орны, сату нүктесі дүкеннің сауда алаңында болуы мүмкін;
4) "Мобильді қойма" – тауарларды өткізу мақсатында тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізуге арналған қойма.
1) "Басымды қойма" – ЭШФ АЖ қатысушысы автоматты түрде кіріске алу және тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығару үшін айқындаған қойма;
2) "Тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды кіріске алу қоймасы" – тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды автоматты түрде кіріске алуға арналған қойма;
3) "Жария қойма" – тауарларды өткізу және сату кезінде қойманы таңдау үшін жеткізушіге сатып алушы ұсынатын қойма;
4) "Бірлескен қызмет қатысушыларының қоймасы" – бірлескен қызмет қатысушылары пайдаланатын қойма (бұдан әрі – БҚҚ қоймасы);
5) "Лизингке арналған қойма" – белгілі бір уақыт ішінде әртүрлі контрагенттермен (жеткізуші немесе алушы) бірлесіп пайдалануға арналған қойма;
6) "Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қойма" – шикізаттың алушы-берушілері және қайта өңдеушілері пайдаланатын қойма;
7) "Қайта ұйымдастырылатын тұлғаның қоймасы" – кәсіпорынды қайта ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын қойма.
2-тарау. ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
1) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі болмаған.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктер туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында орналастырылады;
2) техникалық қателердің себебінен ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеудің мүмкін еместігі туралы ақпаратты ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында растаған жағдайларды қоспағанда, ТІЖ электрондық нысанда ресімделеді.
1) ТІЖ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;
2) ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ға электронды нысанда тіркеу нөмірі берілсе;
3) қағаз түріндегі ТІЖ қағаз түріндегі ТІЖ тіркеу журналында тіркелген болса ТІЖ ресімделген болып саналады.
1) "міндетті емес ашық жол";
2) "шартты-міндетті ашық жол" және толтыру міндеттілігі бойынша шарттар туындамайды,- деген ашық жолдардың белгілері болса, ТІЖ-ның жекелеген ашық жолдары толтыруға жатпайды.
ТІЖ құрылымының техникалық сипаттамасы ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында жарияланады және ЭШФ АЖ-да ТІЖ қабылдау және өңдеу кезінде ескеріледі.
1) акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау және (немесе) өткізу кезінде;
2) Қазақстан Республикасының аумағында ДСҰ-ның алып қою тізбесінің тауарларын өткізу кезінде;
3) тауарларды жеңіл автокөлікпен әкелуді қоспағанда, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
4) ДСҰ-ның алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды жеңіл автокөлікпен әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде;
6) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншікке айналдырылған мүлікті өткізу кезінде;
7) виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде ресімдеуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көзделген ерекшеліктер, құрамында алтыны бар өнімге қолданылмайды.
1) тауарларды бөлшек саудада түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде;
2) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
3) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде;
4) алкоголь өнімін қоспағанда, тауарларды бір тұлға шегінде және (немесе) бір тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде;
5) ыдыс ДСҰ-ның алып қою тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қайтарылатын ыдысты тиеу кезінде;
6) ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы тасымалдауды бастау орны болып табылатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
7) ДСҰ-ның алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып берілетін тауарларды қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан межелі елі ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы болып табылатын, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;
8) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6, 7, 7-1-тармақтарына сәйкес өткізілетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" номенклатуралық (тізімен) сәйкес қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (аумағына әкелу) кезінде;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрамында алтыны бар өнімді өткізуі, өткізуі кезінде ресімдеуге жатпайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) мыналарды:
әуе көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде – әуе көлігі ұшып келген (ұшып кеткен) күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;
темір жол тасымалдарын, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
қалған тауарларды жеткізу (тасымалдау) бойынша:
Қазақстан Республикасының аумағына:
ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде - кедендік тазарту жүргізілген алкоголь өнімін өткізу, өткізу басталғаннан кешіктірмей;
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды өткізу, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірмей;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту кезінде - тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірмей;
Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу кезінде:
ТІЖ осы жеткізуге тасымалдау құжаты қалыптастырылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей ресімделетін тасымалдау туралы мәліметтерді көрсете отырып, тауарды темір жол көлігімен жеткізуді;
ТІЖ тауар өткізілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделетін бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушіге тауарларды (акцизделетіндерден басқа) көтерме саудада жеткізуді;
ай ішінде өткізілуін көрсете отырып, өткізу айынан кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірілмей – автожанармай құю станцияларының бензин мен дизель отынын талондар, отын карталары бойынша өткізуді;
бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушінің тауарды түпкілікті тұтынушыға өткізу бойынша бір күн ішінде өткізуді көрсете отырып, өткізу күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ерікті негізде ТІЖ ресімдеуді қоспағанда, тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту, өткізу басталғаннан кешіктірмей жүзеге асыру кезінде ресімделеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Хабарлама Пилоттық жобаға қатысушыға электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жолданады.
Хабарламаны алу, сондай-ақ онымен танысу алушыны ТІЖ ресімдеуден, алуды растаудан немесе бас тартудан босатпайды.
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде тауарларды алушы бастапқы ТІЖ ресімдейді, ол арқылы тауарлар оның виртуалды қоймасына түседі.
Жеке тұлғалардың атына автомобиль көлігімен ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде ТІЖ тауарларды, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті (экспедициялау, курьерлік жеткізу) жүзеге асыратын тасымалдаушы ресімдейді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған (жасалынған) тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
2) Салық кодексінің 386, 446 және 449-баптарына сәйкес қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын тауарларды экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
3) Салық кодексінің 393-бабы 3-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасында ресімделген жағдайларды қоспағанда, ТІЖ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ресімделеді.
1) тауарларды экспортқа өткізу кезінде;
2) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде;
3) алушы бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде бөлшек сауданы жүзеге асыратын субъект болып табылатын салық төлеушіге тауарларды (акцизделетіндерден басқа) өткізу кезінде:
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады;
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайды;
ЭҚЖЖ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) сәйкес бөлшек сауда қызметінің түріне сәйкес келеді;
деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданады.
Мұндай салық төлеуші ТІЖ ресімдеу кезінде алушының санатына автоматты түрде "Шағын сауда нүктесі" белгісі қойылады.
Осы тармақтың ережесі шегінде ЕАЭО кедендік тек арасының участкілеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағындағы тауарларды өткізуге қолданылмайды;
4) тауарларды түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде талап етілмейді;
5) аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген алушылардың атына ТІЖ ресімдеу кезінде талап етілмейді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2021 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1) алушы бас тартқан ТІЖ бойынша – жеткізуші "бас тарту" мәртебесі бар ТІЖ бойынша тауарларды тиеп-жөнелту қоймасына тауарларды тасымалдауды жүзеге асырады;
2) алушы ТІЖ расталғанға немесе бас тартқанға дейін ТІЖ кері қайтарып алынған кезде – жеткізуші "кері қайтарып алу" мәртебесі бар ТІЖ бойынша тауарларды тиеп-жөнелту қоймасына тасымалдауды жүзеге асырады;
3) алушы бұрын растаған ТІЖ бойынша – алушы қайтаруға ТІЖ ресімдейді, бұл ретте ЭШФ АЖ-да бұрын ресімделген ТІЖ-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
25-1. Қағидалардың 23-тармағы 3) тармақшасына сәйкес салық төлеушіге өткізілген тауар бойынша ТІЖ-да алушының "Шағын сауда нүктесі" санаты белгісі қойылған кезде тауарды қайтаруға ТІЖ ресімдеуді жеткізуші жүргізеді.
Ескерту. Қағида 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) тауарды көліктің кез келген түрі арқылы жеткізу (тасымалдау) кезінде – ЭШФ АЖ-да ТІЖ тіркелген күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
2) қалған тауарлар бойынша – ЭШФ АЖ-да ТІЖ тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жеткізуші (әкелу кезінде – алушы) түзетуге немесе кері қайтарып алуға жатады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ДСҰ алып қою тізбесінің тауарларын;
2) акцизделетін тауарларды;
3) виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды қоспағанда, көрсетілген тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығаруды жүргізеді.
тауардың ID-ін қамтитын деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы чегінің негізінде;
өз мұқтажы үшін, өндірісте, қызмет көрсетуде, жұмыстарды орындауда пайдалану кезінде;
бүлінген, жоғалған, ұрланған, кәдеге жаратылған кезде;
қадағалап отыру тоқтатылған кезде;
осы Қағидалардың 23-тармағының 3) тармақшасында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін, бөлшек сауда субъектісіне ТІЖ ресімделген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін автоматты түрде ресімделген ТІЖ бойынша тауарларды алу кезінде өткізуге ТІЖ ресімдеусіз виртуалды қоймадан есептен шығарылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қағаз жеткізгіштерде тіркелген және қағаз түріндегі ТІЖ тіркеу журналындағы ТІЖ Салық кодексінің 48-бабы 2-тармағына сәйкес талап қою мерзімі ішінде сақталуға жатады.
Лизингке берілген тауарлар бойынша ТІЖ лизинг шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін есептелетін, Салық кодексінің 48-бабы 2-тармағына сәйкес талап қою мерзімі ішінде ЭШФ АЖ-да сақталады.
30-1. ТІЖ ресімдеу жөніндегі талап қолданылатын тауарлар бойынша ЭШФ-ны жазып беру мынадай тәсілдермен:
1) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген 32-жолда ТІЖ тіркеу нөмірін көрсете отырып, ТІЖ негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте ТІЖ және ЭШФ-да көрсетілетін мәліметтер бір текті болуы тиіс;
2) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген 32-жолда осындай ЭШФ жазып берілгенге дейін виртуалды қоймада болған тауарлардың мөлшерінен (көлемінен) аспайтын тауарлардың мөлшерін (көлемін) көрсете отырып, "NON SNT" көрсете отырып, тауарларға арналған электрондық жүкқұжатқа байланыстырусыз жүзеге асырылады.
Шот-фактураны жазып беру кезінде:
1) мәміле бойынша шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
2) ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген тауарларды өткізген, іске асырған кезде шығарылған жерінің дерек көзі ретінде, ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу кезінде ресімделген, онда мемлекеттік кірістер органының белгілері болған кезде ТІЖ нөмірі көрсетіледі.
Ескерту. Қағида 30-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2021 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30-2. Техникалық іркілістер кезінде, оның ішінде ерікті тәртіпті қолдану кезінде ТІЖ растауды не растаудан бас тартуды ресімдеу, ТІЖ-ға байланыста ЭШФ жазып беру мерзімдері техникалық қателерді жою және ЭШФ АЖ жұмыс істеу мүмкіндігін қалпына келтіру мен техникалық қателерді жою және ЭШФ АЖ жұмыс істеу мүмкіндігін қалпына келтіру кезеңінен кейін 3 (үш) жұмыс күні кезеңін құрайтын кезеңге тоқтатыла тұрады.
Ескерту. Қағида 30-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2021 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30-3. ТІЖ алушы бас тартқан жағдайда ТІЖ жеткізуші белгіленген мерзімнен кеш ресімдеген, тіркелген ЭШФ-ның "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген 32-жолда көрсетілген нөмірі мен күні, сондай-ақ оның негізінде ЭШФ жазып беру ресімделген ТІЖ-да бас тартылған ТІЖ нөмірін көрсете отырып, ТІЖ бас тартылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 30-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 26.03.2021 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Пилоттық жобада ТІЖ толтыру тәртібі
1) есепке алу жүйесінің ТІЖ нөмірі – салық төлеушінің салық есебінде берілетін және тауарларды жеткізуші дербес айқындайтын ТІЖ реттік нөмірі. Бұл ашық жолды толтыру міндетті емес;
2) тауарды тиеп-жөнелту күні – қолмен толтырылады.
Бұл ретте, түзетілген ТІЖ тауарды тиеп-жөнелту күні, кейін жойылатын, түзетілетін ТІЖ көрсетілген тауарды тиеп-жөнелту күні бойынша айқындалады.
3) түзетілген ТІЖ – ЭШФ АЖ-да түзетілетін ТІЖ-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі. Жойылғанның орнына ТІЖ ресімделген жағдайда толтырылады;
4) тауарды қайтару – тауар қайтарылған жағдайда белгі қойылады. Бұл ретте В бөлімінде алушының деректемелері, ал С бөлімінде – жеткізушінің деректемелері, ал 6.1-жолда бұдан бұрын ресімделген ЭШФ АЖ-ғы ТІЖ тіркеу нөмірі көрсетіледі;
5) Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу – қажет болған жағдайда:
"Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу (импорт)";
"қайта өңдеуге әкелу";
"уақытша әкелу";
"уақытша әкетілген тауарды әкелу";
"АЭА аумағына әкелу" ұяшығына тиісті белгі қойылады;
6) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету – қажет болған жағдайда:
"Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету (экспорт)";
"қайта өңдеуге әкету";
"уақытша әкету";
"уақытша әкелінген тауарды әкету";
"АЭА аумағынан әкету";
"әуе кемесіне май құю" ұяшығына тиісті белгі қойылады;
7) тауарларды өткізу – қажет болған жағдайда:
"Қазақстан Республикасының аумағында бір тұлға шегінде". Бұл ашық жол тек акцизделетін тауарлар бойынша ғана толтырылады;
"ЕАЭО шеңберінде бір тұлға шегінде";
"өзге де өткізулер" ұяшығына тиісті белгі қойылады;
8) акцизделетін және басқа да тауарлар (цифрлық таңбалауды қоспағанда) – қажет болған жағдайда:
"этил спирті";
"шарап материалы";
"сыра және сыра сусыны";
"алкоголь өнімі (сыра және сыра сусынынан басқа)";
"мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері";
"биоотын";
"темекі бұйымдары" ұяшығына тиісті белгі қойылады.
9) экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) – экспорттық бақылауға (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) жататын тауарлармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда белгі қойылады;
10) цифрлық таңбалау – қажет болған кезде ұяшыққа тиісті белгі қойылады.
11) ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ның тіркеу нөмірі – ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ны тіркеген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде толытырады. ЭШФ АЖ қатысушысының толтыруына және (немесе) түзетуіне арналмаған;
12) ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ны тіркеген күні мен уақыты. Бұл ашық жол ЭШФ АЖ автоматты түрде толтырылады және ресімдеудің нақты уақытына сәйкес келеді;
13) ТТҚ АЖ-да тауарларды қабылдау/беру актісінің немесе әкелу туралы хабарлама – тауарларды қабылдау/беру актісінің немесе әкелу туралы хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні толтырылады.
1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) – жеткізуші енгізеді, импорт кезінде алушы енгізеді. Егер тауарларды жеткізуші (жөнелтуші) бейрезидент болып табылса, онда "бейрезидент" торкөзі белгіленеді". Бұл ретте ашық жолды толтыру міндетті емес;
2) жеткізушінің (жөнелтушінің) атауы;
3) құрылымдық бөлімшенің БСН;
4) қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН;
5) жеткізушінің санаты;
6) жеткізуші тіркелген елдің коды – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 22-қосымшаға (бұдан әрі – Жіктеуіштің 22-қосымшасы) сәйкес Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарларды жеткізуші (жөнелтуші) елдің әріптік коды көрсетіледі;
7) жөнелту (тиеп жөнелту) елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес тауарларды жеткізуші (жөнелтуші) елінің әріптік коды көрсетіледі;
8) жөнелтудің (тиеп-жөнелтудің) іс жүзіндегі мекенжайы. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы кезінде автоматты түрде толтырылады;
9) жөнелту (тиеп-жөнелту) қоймасының (ІD) сәйкестендіру нөмірі – салық төлеушінің ЭШФ АЖ-дағы виртуалды қоймасының тіркеу нөмірі көрсетіледі. Тауарлардың импорты кезінде деректер толтырылмайды.
1) ЖСН/БСН. Егер тауарлар алушы бейрезидент болып табылса, онда "бейрезидент" деген ұяшық белгіленеді;
2) алушының атауы;
3) құрылымдық бөлімшенің БСН;
4) қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН;
5) алушының санаты;
6) алушының тіркелген елінің коды – тауарларды алушы елдің әріптік коды көрсетіледі, әуежайлар Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес әуе борты тиесілі елдің әріптік кодын көрсетеді;
7) жеткізу (жеткізіп беру) елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес тауарларды алушы елдің әріптік коды көрсетіледі.
Әуежайлар авиациялық отынды өткізген кезде әуе бортының жүру маршруты елінің әріптік коды көрсетіледі;
8) нақты жеткізу (жеткізіп беру) мекенжайы. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы кезінде автоматты түрде толтырылады;
9) жеткізу (жеткізіп беру) қоймасының сәйкестендіру нөмірі (ІD). Бұл ашық жол экспортқа ТІЖ ресімдеу кезінде толтырылмайды.
"Жүк жөнелтуші" – оның атынан жүк жөнелту ресімделетін тұлға:
1) ЖСН/БСН. Егер жүк жөнелтуші бейрезидент болып табылса, онда "бейрезидент" деген ұяшық белгіленеді;
2) жүк жөнелтушінің атауы;
3) жөнелту елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес жүк жөнелтуші елдің әріптік коды көрсетіледі;
"Жүк алушы" – шарттың негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті тұлға:
1) ЖСН/БСН. Егер жүк алушы бейрезидент болып табылса, онда "бейрезидент" деген ұяшық белгіленеді;
2) жүк алушының атауы;
3) жеткізу елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес жүк алушы елінің әріптік коды көрсетіледі.
1) тасымалдаушы. Егер тасымалдаушы бейрезидент болып табылса, онда "бейрезидент" торкөзі белгіленеді;
2) ЖСН / БСН;
3) жоспарланған көлік туралы мәліметтер – көлік түрі көрсетіледі (көрсетілген тізімнен таңдалады).
1) әуе кемесінің типі;
2) борттың тіркеу нөмірі;
3) рейс нөмірі;
4) шығыс ордерінің немесе әуе бортына жанармай құюға талаптың нөмірі көрсетіледі.
1) шарттың (келісімшарттың) нөмірі;
2) шарттың (келісімшарттың) күні көрсетіледі.
"Жеткізушінің":
1) нөмірі (шарттың/келісімшарттың нөмірі көрсетіледі);
2) шарттың/келісімшарттың күні (күні, айы, жылы форматында);
"Алушының":
1) нөмірі (шарттың/келісімшарттың нөмірі көрсетіледі);
2) шарттың/келісімшарттың күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі.
1) тауарлардың әрбір атауы бойынша жолдың реттік нөмірі;
2) тауардың шығарылған жерінің белгісі (анықтамалықтан таңдап алынады);
3) тауарлар атауы;
4) тауар коды (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы) – ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі;
5) өлшем бірлігі;
6) саны (көлемі);
7) тауар бірлігі үшін баға – шарт (келісімшарт) бойынша өлшем бірлігі үшін тауардың бағасы көрсетіледі. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу жағдайларын қоспағанда, толтыруға міндетті емес;
8) жанама салықтарсыз тауардың құны – жанама салықтарды есепке алусыз тауарлардың барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу жағдайларын қоспағанда, толтыру міндетті емес;
9) акциз сомасы – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Толтыру міндетті емес;
10) ҚҚС сомасы – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген ҚҚС көрсетіледі. Толтыру міндетті емес;
11) жанама салықтармен тауардың құны – жанама салықтарды есепке ала отырып, тауарлардың барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу жағдайларын қоспағанда, толтыру міндетті емес;
12) тауарларға арналған декларацияның жиырма мәнді тіркеу нөмірі, ТІЖ қырық екі мәнді тіркеу нөмірі, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің он сегіз мәнді тіркеу нөмірі, тауардың шығарылған жері туралы сертификатың он үш мәнді тіркеу нөмірі (СТ-1). Тауардың шығарылған жері туралы сертификатының он бір мәнді тіркеу нөмірі (СТ-KZ);
13) тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін Тауарларды шығару туралы өтініштен, тауарларға арналған декларациялардан, ТІЖ немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен, СТ-1 немесе СТ-KZ – салық төлеуші тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін Тауарларды шығару туралы өтініште, тауарларға арналған декларацияларда, ТІЖ немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште, СТ-1 немесе СТ-KZ пайдаланатын тауарлардың атауына сәйкес келетін тауар позициясының нөмірі көрсетіледі;
14) ЭШФ АЖ-дағы тауардың сәйкестендіргіші;
15) GTІN;
16) қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Әуе кемесіне жанар-жағар май құю кезінде қосымша мәліметтерде жанар-жағар май материалдарын алушы-авиакомпания, "литр" өлшем бірлігінен "килограмм/тонна" өлшем бірлігіне ауыстырылған жанар-жағар май материалдарының құйылған көлемі, жанар-жағар май материалдарының тығыздығы, Цельсий бойынша ауа температурасы, бақылау талонының нөмірі, май құю құралының нөмірі туралы ақпарат және әуе кемесіне жанар-жағар май құю кезінде қажетті өзге ақпарат көрсетіледі.
1) жеткізушінің лицензия нөмірі (В бөлімнің "ЖСН/БСН" деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);
2) лицензия бойынша жеткізушінің мекенжайы (В бөлімнің "ЖСН/БСН" деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);
3) алушының лицензия нөмірі (С бөлімнің "ЖСН/БСН" деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);
4) лицензия бойынша алушының мекенжайы (С бөлімнің "ЖСН/БСН" деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады) көрсетіледі.
1) операция коды (ЭШФ АЖ анықтамалығынан таңдап алынады);
2) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдап алынады);
3) этил спиртінің түрі, атауы;
4) мөлшері (литрмен);
5) литр үшін баға – теңгемен, импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша, олар болмаған кезде – сыртқы экономикалық мәміле жасауды растайтын құжат бойынша көрсетіледі.
1) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдап алынады);
2) шарап материалының түрі, атауы;
3) мөлшері (литрмен);
4) литр үшін баға – теңгемен, импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша, олар болмаған кезде – сыртқы экономикалық мәмілені жасауды растайтын құжат бойынша көрсетіледі.
1) операция коды (анықтамалықтан таңдап алынады):
2) сыра және сыра сусындарының атауы;
3) өнім түрі;
4) өлшем бірлігі;
5) ыдыстың сыйымдылығы (литрмен);
6) саны (шөлмектердің, банкілердің, кегтердің, орамның данада);
7) орамдағы (шөлмектердің, банкілердің) саны;
8) мөлшері (литрмен);
9) тауар бірлігі үшін баға көрсетіледі.
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
2) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдалады);
3) тауарлардың атауы;
4) өнімдердің түрі (ПИН-код енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қояды);
5) ыдыстың сыйымдылығы (литрмен) (ПИН-код енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қояды);
6) саны (шөлмек);
7) мөлшері (литрмен);
8) тауар бірлігі үшін баға көрсетіледі.
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
2) жеткізушінің типі (көрсетілген тізімнен жеткізуші типінің бірі таңдалады);
3) жөнелту (тиеп жөнелту) мекенжайындағы мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) коды;
4) жеткізу (жеткізіп беру) мекенжайындағы МКО коды;
5) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдалады);
6) мұнай өнімінің түрі, маркасы ПИН-кодты енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қойылады;
7) тауардың өлшем бірлігі (тонна, литр);
8) тауардың өлшем бірлігінің бағасы;
9) тоннадағы тауар мөлшері (бөлшек сауда үшін литрмен) көрсетіледі.
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
2) жеткізушінің типі (көрсетілген тізімнен жеткізуші типінің бірі таңдалады);
3) жөнелту (тиеп-жөнелту) мекенжайындағы МКО коды;
4) жеткізу (жеткііп беру) мекенжайындағы МКО коды;
5) биоотынның атауы;
6) тауардың өлшем бірлігі (тонна, литр);
7) мөлшері (тоннада, бөлшек сауда үшін литрмен);
8) тауардың өлшем бірлігі үшін бағасы көрсетіледі.
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
2) жөнелту (тиеп-жөнелту) мекенжайындағы МКО коды;
3) жеткізу (жеткізіп беру) мекенжайындағы МКО коды;
4) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдалады);
5) темекі өнімінің атауы;
6) өлшем бірлігі (қорап, блок, пачуа, дана, килограмм, миллилитр, капсула, картридж);
7) темекі өнімінің қорап, блок, пачкадағы саны;
8) саны (қорап, блок, пачка, дана, килограмм, миллилитр, капсула, картридж);
9) темекі өнімінің дана, килограмм, миллилитрдегі саны;
10) тауардың өлшем бірлігі үшін бағасы – шарт валютасында көрсетіледі.
1) тауар коды (GTІN);
2) тауардың атауы;
3) тауарлардың тұтыну орамының саны;
4) тауар бірлігі үшін баға көрсетіледі.
1) құжаттың нөмірі (лицензия/рұқсат);
2) берілген күні (лицензия/рұқсат);
3) аяқталған күні (лицензияның/рұқсаттың аяқталу мерзімі);
4) өлшем бірлігі;
5) саны (көлемі);
6) тауар бірлігі үшін баға – шарт валютасында көрсетіледі;
1) тауарды жіберуді жүргізген тұлға;
2) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның ЭЦҚ/ТІЖ қол қоюға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ;
3) ТІЖ ресімдеген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) тауарды жіберу сенімхат бойынша жүзеге асырылады – нөмірі мен күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі.
Осы бөлім Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге ТІЖ ресімдеу кезінде толтырылмайды.
1) тауарды қабылдауды/бас тартуды жүргізген тұлға;
2) тауар қабылданған/бас тартылған күн (күні, айы, жылы форматында);
3) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның ЭЦҚ/ТІЖ растауға/бас тартуға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ;
4) ТІЖ растаған/бас тартқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
5) тауарды қабылдау сенімхат бойынша жүзеге асырылады – нөмірі мен күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі.
Осы бөлім Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге ТІЖ ресімдеу кезінде толтырылмайды.
1) автомобиль өткізу пункті/бақылау-өткізу пункті;
2) МКО қызметкерінің/уәкілетті органның (ұйымның) қызметшісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
3) Мемлекеттік шекараны/АЭА аумағын кесіп өту күні мен уақыты/Әуе кемесінің ұшу күні;
4) іс жүзіндегі көлік туралы деректер:
автомобиль көлік құралының маркасы;
автомобиль көлік құралының мемлекеттік нөмірі;
жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
жүргізушінің ЖСН көрсетіледі.
1) жеткізушінің/жөнелтушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша МКО коды;
2) алушының орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша МКО коды көрсетіледі.
4-тарау. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде ТІЖ ресімдеу
5-тарау. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде ТІЖ ресімдеу
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан алыс-беріс шикізатын әкелген кезде қайта өңдеуші бастапқы ТІЖ ресімдейді, оның негізінде алыс-беріс шикізаты алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі қоймаға келіп түседі.
6-тарау. Көлік құралын пайдалана отырып, тауарларды өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу
7-тарау. Бөлшек сауда кезінде ТІЖ ресімдеу
Ескерту. 7-тарау алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8-тарау. Өткізу бағасы өнімнің сапалық сипаттамасына байланысты шарттар бойынша ТІЖ ресімдеу
1) тауарды тиеп-жөнелту күніне айқындалған баға көрсетіледі;
2) "Мөлшері (көлемі)" деген ашық жолда тиеп жөнелтілген тауардың іс жүзіндегі мөлшері көрсетіледі.
9-тарау. Мемлекеттің меншігіне айналдырылған мүлік бойынша ТІЖ ресімдеу
10-тарау. ҚҚС төлеуші ҚҚС бақылау шотын пайдаланған кезде ТІЖ ресімдеу
1) ЕАЭО және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау көзделген әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарының құйылуын растайтын кеден органының белгісі;
2) ЕАЭО және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау көзделмеген әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарының құйылуын растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің белгісі қамтылуы тиіс.
11-тарау. Қағаз тасығышта ТІЖ ресімдеу
1) ТІЖ осы Қағидаларға сәйкес ресімделген;
2) ТІЖ қағаз түріндегі ТІЖ тіркеу журналында тіркелген;
3) ТІЖ уәкілетті жеке тұлға қол қойған және мөрмен куәландырған (болған кезде) болса, ресімделген деп саналады.
Техникалық қателердің себебі бойынша ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеу мүмкін еместігі туралы ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында ақпаратты растау себебі бойынша қағаз тасығышта ресімделген ТІЖ:
техникалық ақаулар туындаған кезеңде қағаз тасығышта ТІЖ ресімделген жағдайда – ЭШФ АЖ-да техникалық қателерді жойған күннен бастап;
техникалық қателер кезеңінде алушы тауарларды сатып алған жағдайда – ТІЖ жеткізушісі ЭШФ АЖ-ға қағаз түріндегі ТІЖ-ны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізілуге жатады.
12-тарау. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелген кезде ТІЖ ресімдеу
Бұл ретте бір көлік құралында бірнеше құрауыш бөліктері (құрамдастары) әкелінген жағдайда тауар алушысы бір бастапқы ТІЖ-да құрауыш бөліктерін (құрамдастарын) жолма жол көрсете отырып ресімдейді.
13-тарау. Таңбалауға жататын тауарлар бойынша ТІЖ ресімдеу
1) Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні;
2) жөнелтушінің/алушының ЖСН/БСН;
3) тауар коды – GTІN;
4) тұтыну орамының саны;
5) тауардың өлшем бірлігінің санын (қажет болған кезде) қамтитын тіркелген құжаттар бойынша ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді.
Таңбаланатын және таңбаланбайтын тауарлар бойынша ТІЖ жеке жазып беріледі.
Бір тұлға шеңберінде өткізілетін таңбаланатын тауарлар бойынша ТІЖ ТТҚ АЖ-де қабылдап алу/беру актісіз ресімделеді.
Қағаз тасығышта ресімделген ТІЖ ТТҚ АЖ-да Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның нөмірін көрсете отырып ТТҚ АЖ-да қағаз тасығышта ресімделген қабылдап алу/беру актісін немесе хабарламаны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізілуге жатады.
14-тарау. Құрамында алтыны бар өнімді өткізу, өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу
Бұл талап аффинаж зауыттары мен алтын өңдеу фабрикаларына қолданылмайды.
Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
100-1. Ломбардтар ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған, үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкі болып табылатын, құрамында алтыны бар тауарды жария сауда-саттық (аукциондар) арқылы өткізген кезде ТІЖ-нің "Жеткізушінің санаты" ашық жолында "Кепіл ұстаушы/сақтаушы" деп белгілейді.
ТІЖ-нің "Қосымша ақпарат" деген G бөлімінің 17-бағанында:
ломбардтың меншігіне айналмаған құрамында алтыны бар мүлікті өткізу кезінде – "Ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкін жария сауда-саттық арқылы өткізу";
ломбардтың меншігіне айналған құрамында алтыны бар мүлікті өткізу кезінде – "Ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкі меншігіне айналдырылған" деп көрсетіледі.
Бұл ретте құрамында алтыны бар өнімнің бастапқы жер қойнауын пайдаланушының, сондай-ақ кепіл берушінің/жүк берушінің сәйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді.
Ескерту. Қағида 100-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15-тарау. Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша ТІЖ ресімдеу
ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде;
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде;
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан еркін экономикалық аймақ аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде ресімделеді.
Шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күнгі айдан кейінгі айдың 15-і (он бес) күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 105-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Тауарларға арналған ілеспе |
|
|
нысан |
Тауарларға арналған қағаз түріндегі ілеспе жүкқұжаттарды тіркеу және есепке алу журналы
|
ТІЖ тіркеу нөмірі |
ТІЖ ресімделген күн |
Жеткізушінің ЖСН/БСН |
Жеткізушінің атауы |
Жөнелтудің/тиеудің іс жүзіндегі мекенжайы |
Алушының ЖСН/БСН |
Алушының атауы |
Жеткізіп берудің/жеткізудің іс жүзіндегі мекенжайы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:
ТІЖ – тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат
ЖСН/БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес–сәйкестендіру нөмірі
|
|
Тауарларға арналған ілеспе |
|
|
нысан |
|
|
Тауарларға арналған ілеспе |
|
|
нысан |
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібінің және (немесе) мерзімдерінің бұзылуы туралы хабарлама
20__ жылғы "____" ____________.
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20___ жылғы "____" ____________ № ___
бұйрығымен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерінің
19-тармағына сәйкес Сізді
__________________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе оның атауы)
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(нөмірі және ұсынылған кезеңі)
тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібінің және (немесе)
мерзімдерінің бұзылуы туралы хабардар етеді.
Ескертпе: Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы
жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау,
бас тарту) тәртібінің және (немесе) мерзімдерінің бұзылуы фактісі бойынша тіркеу орнындағы
мемлекеттік кірістер органына келген кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы
тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібі мен мерзімдері
бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.