Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жалпыға бірдей декларациясы 250.00 нысанын түсіндіру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілді. Жыл басынан облыс бойынша мемлекеттік мекемелерде 312 семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тұрақты түрде ZOOM, instagram, facebook әлеуметтік желілері парақшаларында нұсқамалар, түсініктеме мен слайдтар 491 салынды. Барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимаратында қызмет көрсету орталықтарында жалпыға бірдей декларацияға қатысты стендтер орналастырылған.
31.08.2021 жылдың жағдайы бойынша жалпыға бірдей декларацияны 36513 мемлекеттік қызметкерлер тапсырды.