ҚР ҚМ МКК ресми интернет – ресурс арқылы "салық төлеуші ретінде тіркеу" салықтық өтінішін, атап айтқанда бейрезидент – заңды тұлғалардың (бұдан әрі – салықтық өтініш) беруіне мүмкіндік беретін функционалды іске асырды www.kgd.gov.kz (бұдан әрі - интернет-ресурс).
Резидент еместі тіркеуге өтініш пайдаланушының жеке кабинетінде толтырылады. Өтінішке резидент емес туралы мәліметтерді растайтын сканерленген құжаттар, тіркелетін құжаттардың форматы – pdf, jpeg, jpg, png қоса тіркеледі.
Салықтық өтініш беру үшін салық төлеушіге сілтеме бойынша интернет – ресурста тіркелу қажет https://kgd.gov.kz/ru/nonresident/register "резидент еместі тіркеуге өтінімдер журналы"мәзір тармағын таңдаңыз.
Журнал жіберілген өтініштер және олардың мәртебелері туралы мәліметтерден тұрады, оң өңделген өтініштер үшін уәкілетті орган берген резидент еместің куәлігін көшіріп алу мүмкіндігі бар.
Мәзір тармағында өтініш берудің келесі себептеріне сілтемелер бар:
- Салық төлеуші ретінде тіркелу;
- Куәлікті бермей тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру;
- Куәлікті бере отырып, тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру.
Өтінішті толтыру үшін журналда орналасқан "өтініш беру" батырмасын басыңыз. Экранда толтыру үшін резидент еместі тіркеуге өтініш нысаны көрсетіледі. Өтініш нысанын толтыру үшін көптеген жолдар қамтылғандықтан, браузердің оң жағында орналасқан тік айналдыру жолағын пайдалану қажет.
Салықтар туралы толық ақпаратты 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.