Меню

Страницы

Статья

Цифрлық майнинг ақысын енгізу

 
Цифрлық майнинг ақысын енгізу
Салық кодексінің 606-1-606-5-баптары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Цифрлық майнинг үшін төлем төлеушілер цифрлық майнинг (криптовалюта өндіру) жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Төлем объектісі цифрлық майнинг (криптовалюта өндіру) кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемі болып табылады.
Цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасы цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде (криптовалютаны өндіру) тұтынылған электр энергиясы қуатының 1 киловаты үшін 1 теңге мөлшерінде болады.
Цифрлық майнинг үшін төлем есептеу үшін салық кезеңі тоқсан болып табылады, салық есептілігі көзделмеген.
Төлеушілер өз қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті болып табылатын майнинг мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайтын болады.
Резиденттілік сертификатын ұсыну бойынша мерзімді ұзарту
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңның 57-7-бабы 2021 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі
2019 жыл және 2020 жыл үшін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты ұсыну (заңдастыруды қоса алғанда) 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады.
Бұл шара шектеу шаралары кезеңінде қосарланған салық салуды болдырмау үшін қажет, өйткені шет елдерде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты құжаттарды ұсыну қиын болуда.
ЖТС және әлеуметтік салықты төлеуді кейінге қалдыруды енгізу
Заңның 2-Бабы
2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында зардап шеккен салаларда ЕТҚ-дан ЖТС және әлеуметтік салық төлеу бойынша кейінге қалдыру енгізілді.
Осылайша, салық агенті 2021 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей төлем көзінен салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын ұстап қалуды және аударуды жүргізеді, оны төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталады.
Осы баптың ережелері бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметті 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.
 
 
 
 
 
Дата публикации
22 сентября 2021
Дата обновления
22 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
20 октября 2026
ЖЕКЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Ақпарат
20 октября 2026
Азаматтар банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы берешегін қалай реттей алады?
Ақпарат
27 августа 2026
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы