Меню

Страницы

Статья

Үш компонентті интеграцияланған жүйенің артықшылықтары туралы

Үш компонентті интеграцияланған жүйенің артықшылықтары туралы
📍 Үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолданатын кәсіпкерлер үшін Қазақстанда салық жеңілдіктері қарастырылған. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде жеке кәсіпкердің қандай артықшылықтарды қолданатыны туралы айтып берді.
ҮИЖ-нің үш компоненті бар:
1) онлайн бақылау-касса машинасы (БКМ);
2) төлем компоненті (POS-терминал);
3) есептеу жүйесі (ERP-жүйесі).
Қазіргі уақытта ҮИЖ тізіліміне 3 модель (Trinity және Trinity 1.2, Prosklad.kz) енгізілді. Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкер пайдалануға олардың қай-қайсысын таңдай алады.
Салық кодексінің 82 және 683-баптарында жүйені пайдаланудың мынадай артықшылықтары көзделген:
- ҮИЖ бойынша өтетін қолма-қол ақшасыз айналымдардың (төлем картасымен төлеу) сомасы ҚҚС бойынша есепке қою үшін айналымға (114 184 АЕК шегінде), сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін табыс сомасына (70 048 АЕК шегінде) енгізілмейді;
- ҮИЖ-де салықтық есепке алу модулі бар, онда тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.
🖇Осылайша, ҮИЖ пайдалану кезінде табыс ұлғайған кезде кәсіпкерлерде АСР бойынша белгіленген шектердің асып кетуі немесе ҚҚС бойынша есепке қою қажеттілігі туралы алаңдаушылық туындамайды.
ҮИЖ модельдері туралы толығырақ өндірушілердің www.tis24.kz және www.prosklad.kz веб-сайттарынан білуге болады.
🔰ҮИЖ-не және оны есепке алуға қойылатын талаптар, ҮИЖ-ін орнату және қолдану қағидалары "Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019327).
ҮИЖ-ін тіркеу салық төлеушінің кабинеті арқылы жүргізіледі.
Возможно, это изображение (текст «трехкомпонентная интегрированная система»)
 
 
 
 
 
Дата публикации
22 сентября 2021
Дата обновления
22 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
20 октября 2026
ЖЕКЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Ақпарат
20 октября 2026
Азаматтар банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы берешегін қалай реттей алады?
Ақпарат
27 августа 2026
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы