«Банкроттық рәсімін қозғауды тоқтата тұру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 сәуірдегі № 250 қаулысымен бекітілген, 2021 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспардың 84-6 тармағымен мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік секторлардың бастамасы бойынша заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істер қозғауды тоқтата тұру қарастырылған.
Кешенді жоспардың бұл тармағын жүзеге асыру үшін 2021 жылдың 4 наурызынан қолданысқа енгізілген «Банкроттық рәсімін қозғауды тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 265 қаулысымен кредиторлар атынан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің заңды тұлғаларды және дара кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруі 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылды.
Сондай-ақ, айта кететін жағдай борышкерлер мен өзге кредиторлар атынан заңды тұлғаларды және дара кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беру тоқтатылмайды.