Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №382-VI Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңына қол қойылуына байланысты салық заңнамасындағы қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістер бойынша келесіні хабарлайды. Салық кодексінің 394-бабы 38) тармақшасына өзгерістер енгізу
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледіога
Дистрибьюторлар мен компоненттерді сату кезінде ҚҚС-тан босату қарастырылған (қазір олар көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникаларын сату кезінде, сондай-ақ импорт кезінде босатылады.Салық кодексінің 394-бабын жаңа 47-тармақшамен толықтыру)
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Осы тармақта көзделген белгілі бір шарттарды бір мезгілде сақтай отырып, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде өндірілген және өткізілетін тауарларды ҚҚС-тан босату көзделген. Бұл босату барлық АЭА үшін қарастырылған.
ҚҚС-тан босату кезінде:
Салық кодексінің 394-бабын жаңа 49) тармақшамен толықтыру
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзиті бойынша Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес бірыңғай құжаттармен ресімделген, тағайындалған оператордың қызметтер көрсетуі бойынша;
Салық кодексінің 394-бабын жаңа 50) тармақшамен толықтыру
2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
автомобиль көлігімен жолаушыларды қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда, сондай-ақ трамвайлармен әлеуметтік мәні бар тасымалдауды жүзеге асыру бойынша ғана қызметтер көрсету.
ҚҚС бойынша қосымша есепке алуды қолдану
Салық кодексінің 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына өзгерістер енгізу туралы
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
ҚҚС бойынша қосымша есепке алу қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесі қызметтің мынадай түрлерімен толықтырылды:
мақта талшығын, мақта талшығын дайындау;
ашытқы өндірісі;
салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда шоколадты, қантты кондитерлік бұйымдарды, печенье мен ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік бұйымдарды өндіру;
қант қызылшасынан қант өндіру.
ЭШФ жазып беру
Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларымен толықтыру
2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданылады
ЭШФ жазып беруге міндетті салық төлеушілердің тізбесі мынадай санаттармен толықтырылады:
мұндай салық төлеушілерге ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модуліне келіп түскен тауарларды өткізген жағдайда ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер;
құны 1 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша резидент заңды тұлғалар (ММ және мемлекеттік орта білім беру ұйымдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген жеке практикамен айналысатын адамдар.
Салық төлеушілер - жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша.