Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың соттан тыс және сот банкроттығы сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері туралы

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заңның нормаларына сәйкес үш негізгі рәсім қолданылады:

  1. Соттан тыс банкроттық

Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады.

Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы.

Қарыздар:

  1. Екінші деңгейдегі банктер;
  2. Микроқаржы ұйымдары;
  3. Коллекторлық агенттіктер алдындағы бойынша.

Шарттары:

  1. Қарыз 6,9 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді.

Ақпарат https://id.mkb.kz сайтында қол жетімді.

  1. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ және ортақ мүліктің болмауы.

Ақпарат E.gov.kz сайтында қол жетімді.

 Ерекше шарттары:

  1. 6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін - борышты өтемеу кезеңінің бөлігінде 1-шарт ескерілмейді.
  1. Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе - жоғарыда аталған барлық Шарттар ескерілмейді.

 

  1. Сот банкроттығы

Сотпен қарастырылады

Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

 Шарттары:

Барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша.

Нені білу керек:

  1. Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда - саттықта сатылады.
  2. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы.
  3. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді.
  4. Қаржы басқарушысы тағайындалады.
  5. Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ).

Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай.

Рәсімді қолдану барысындағы шектеулер:

  1. Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру) бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады.
  2. Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салу.

Банкроттықтың салдары

  1. Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады. 
  1. Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады. 
  1. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.
  1. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Сотпен қарастырылады

Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

 Шарт:

Қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайды. 

Сауықтыру шаралары:

  1. Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру.
  2. Жаңасын сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т.б.

Артықшылықтары:

  1. «Банкрот» мәртебесі берілмейді.
  2. Теріс салдарсыз (қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ)
  3. Қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін).
  4. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі.
  5. Қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.

Өтінішке қоса беріледі

  1. Кредиторлар тізбесі (банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер). 
  1. Банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борышты реттеу туралы құжат (коллекторлар бойынша талап етілмейді).
Дата публикации
24 августа 2026
Дата обновления
24 августа 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
20 октября 2026
ЖЕКЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Ақпарат
20 октября 2026
Азаматтар банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы берешегін қалай реттей алады?
Ақпарат
27 августа 2026
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы