Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі 2026 жылғы 10 тамыздағы бұйрығымен уақытша кедендік бақылау аймақтарының, уақытша сақтау орындарының және бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізді.
Өзгерістер уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру және олардың қызметін тоқтату тәртібіне қатысты. Енді тұрақты кедендік бақылау аймақтарынан тыс жерде кедендік бақылау, жүк және өзге де операцияларды жүргізу үшін уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы шешімді мемлекеттік кірістер аумақтық органының басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.
Сондай-ақ уақытша сақтау қоймаларына, ашық және жабық үлгідегі кеден қоймаларына және еркін қоймаларға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді.
Еркін қоймаларды қоспағанда, аталған объектілер үшін мемлекеттік кірістер аумақтық органдарымен электрондық ақпарат алмасуды қамтамасыз ету талабы белгіленді. Атап айтқанда, қоймаларда орналасқан тауарлар туралы мәліметтерді жіберу және олардың шығарылғаны туралы ақпаратты алу қарастырылған.
Бажсыз сауда дүкендері үшін не өзгереді?
Өзгерістердің бір бөлігі бажсыз сауда дүкендеріне қатысты.
Дүкеннің қызметі тоқтатылған жағдайда бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар басқа тиісті кедендік рәсімдерге ауыстырылуы тиіс.
ЕАЭО тауарларына қатысты екі нұсқа қарастырылған:
Бұл талаптарды орындау үшін дүкен қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап 60 күнтізбелік күн беріледі.
Тауарларды өткізу тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Бажсыз сауда дүкендерінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 110 және 111-баптарына сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қажет.
Сонымен қатар тауарларды сату кезінде Салық кодексінің 207, 208 және 209-баптарында көзделген шот-фактураларды ресімдеу талаптарын сақтау қажет.
Тағы бір талап тауарларды орналастыру тәртібіне қатысты. Бажсыз сауда дүкенінің қоймасына тауарлар мемлекеттік кірістер аумақтық органдары лауазымды адамдарының қатысуымен немесе олардың хабардар болуы арқылы орналастырылады.
Жаңа қағидалар 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы