2026 жылдың 24 маусымында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында "Заң мен тәртіп" акциясы аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында кең ауқымды «Ашық есік күні» өткізілді.
Акцияның басты мақсаты – салық заңнамасын түсіндіру, салық органдарына деген сенім деңгейін арттыру және құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарға тегін кеңес беру болып табылады.
Акция барысында тұрғындар салық және кеден заңнамасына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша білікті мамандардан жан-жақты жауаптар алып, жеке кеңестермен қамтылды.
Сонымен қатар, жеке тұлғалардың салық міндеттемелері, мүлік, жер және көлік салықтарын төлеу тәртібі, электрондық сервистерді пайдалану мүмкіндіктері, декларациялау мәселелері және мемлекеттік қызметтерді алу жолдары түсіндірілді.
Іс-шараға қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары, салықтық жеңілдіктер мен міндеттемелер туралы ақпарат беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Тараз қаласының әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы, сыртқы сарапшы Олжас Сулейменов қатысып, өткізілген «Ашық есік күні» акциясының маңыздылығына тоқталды. Өз пікірінде ол мұндай кездесулердің азаматтардың салық заңнамасындағы өзгерістер туралы уақтылы әрі нақты ақпарат алуына, құқықтық сауаттылығының артуына және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы