2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бюджет кодексінің нормаларымен жергілікті бюджеттердің қаржылық дербестігін кезең-кезеңімен арттыру шеңберінде кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салық (бұдан әрі – КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС) түсімдерін бюджет жүйесінің 3-ші (аудандық, облыстық маңызы бар қала) және 4-ші (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ) деңгейлегі бюджеттеріне есептеу көзделген.
Осыған байланысты, «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС 105310 БКК-на есептеледі.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 788 және 789-баптарына сәйкес салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша есептелген салық сомасын бюджетке төлеуге және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына декларация тапсыруға міндетті.
2026 жылғы салық кезеңдері үшін КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС бойынша декларацияны жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады (105310 БКК-на төлей отырып).
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы