🔹09.06.2026 жылы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған медиа-жоспар аясында салық төлеушілер үшін «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Акция барысында 2026 жылдан бастап күшіне енген Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
🔰Іс-шараға Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясының құқық жөніндегі директордың орынбасары, сыртқы сарапшы және әлеуметтік желіні белсенді пайлаланушы Рустам Рамазан қатысып, өткізілген «Ашық есік күні» акциясының маңыздылығына тоқталды. Өз пікірінде ол мұндай кездесулердің азаматтардың салық заңнамасындағы өзгерістер туралы уақтылы әрі нақты ақпарат алуына, құқықтық сауаттылығының артуына және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
🔺Сонымен қатар, Рустам Рамазан Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан халықпен ашық диалог орнатуға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын жоғары бағалап, алдағы уақытта да осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізу қажет.
@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы